Афина, 2025 жылғы 6 маусым — 2025 жылғы 4–6 маусым аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы – «Қазмортрансфлот» басшылығының Грек Республикасына жұмыс сапары өтті. Сапар Қазақстан Республикасының Грекиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында өткізілді.
Құрамына КМТФ Бас директоры Айдар Оржанов бастаған Қазақстанның негізгі теңіз құрылымдарының басшыларының делегациясы сапар барысында Грекияның жетекші кеме қатынасы компанияларының басшылығымен кездесіп, кеме жөндеу кәсіпорындары мен порт инфрақұрылымының бірқатар нысандарын аралады.
Кездесулерде кеме жасау, флотты техникалық сүйемелдеу, логистика және көлік маршруттарын дамыту салаларындағы ықтимал ынтымақтастық бағыттары талқыланды. Сонымен қатар, заманауи технологиялық шешімдерді флот басқаруына енгізу саласындағы грек тәжірибесі ерекше қызығушылық тудырды.
Тараптар салалық құрылымдар арасындағы тұрақты әріптестік арналарын орнатуға және диалогты кеңейтуге әзір екендіктерін білдірді. Бұл сапар Қазақстан мен Грекия арасындағы теңіз тасымалы және логистика салаларындағы берік серіктестікті қалыптастыру жолында маңызды қадам болды.