Меню
Страницы

Астана қаласында, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі

Астана қаласында, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі

2025 жылғы 17-18 қыркүйекте Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласында, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезі өтеді.

VIІI Съезд жұмысына әлемнің шамамен 60 елінен 100-ден астам делегация қатысады деп күтілуде. Олардың қатарында ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, зороастризм, синтоизм діндерінің рухани лидерлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар қауымдастығы, саяси және қоғам қайраткерлері бар.

 

Съезд аясында өтетін іс-шаралар:

 

16 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Хатшылықтың XXIII отырысы өтеді.

Дәл осы күні БҰҰ Өркениеттер альянсы аясында діни нысандарды қорғау жөніндегі арнайы сессия өтеді. Сессияға жетекші діни және саяси лидерлер, дипломаттар, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың өкілдері жиналып, ғибадат орындары, қасиетті және діни ғимараттарға қауіп төндіретін жаһандық сын-қатерлерді талқылайды.

17 қыркүйекте ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің пленарлық отырысы өтеді. Форумның басты тақырыбы – «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия». Жұмыс барысында секциялық отырыстар форматында бірқатар өзекті мәселелерді қарау жоспарлануда.

18 қыркүйекте «Жастар бейбіт қатар өмір сүру үшін: болашақ жолындағы синергия» тақырыбында ІІ Жас діни лидерлер форумы өтеді.

 

Оқиғалардың күндері мен орындары:

 

16 қыркүйек

10:00Съез Хатшылығының XXІІІ отырысы (Астана қ., Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік даңғ. 57);

15:00Біріккен Ұлттар Ұйымының Өркениеттер альянсының діни нысандарды қорғау жөніндегі арнайы сессия (Астана қ., Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік даңғ. 52).

17 қыркүйек

10:00Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезінің Ашылуы және Пленарлық отырысы (Астана қ., Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік даңғ. 52).

 

18 қыркүйек

10:00 Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезінің секциялық отырыстары;

10:00 – II Жас діни лидерлер форумы;

15:00 – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезінің жабылуы (Астана қ., Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік даңғ. 52).

Социальные медиа
Twitter
Twitter
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Мемлекеттік рәміздері