Меню

Страницы

Статья

Семей ядролық полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған онлайн фото-көрме

Семей ядролық сынақ полигоны КСРО-ның алғашқы және ең ірі ядролық полигондарының бірі болды.

1949 жылғы 29 тамыз бен 1989 жылғы 4 қазан аралығында Кеңес Одағы кемінде 456 әуе, жер үсті және жер асты ядролық жарылыстар, сондай-ақ ондаған гидроядролық және гидродинамикалық сынақтар жүргізді. Осы жарылыстардың салдарынан 1,5 миллионнан астам адам зардап шекті.

 

1989 жылы қазақстандық жазушы және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов ұйымдастырған "Невада - Семей" антиядролық қозғалысының Қазақстан, Ресей, АҚШ, Жапонияда өткен демонстрациялары, наразылық марштар мен бейбітшілік марштары сол жылға жоспарланған полигондағы жарылыстар санының екі еседен астам қысқаруына, ал кейіннен сынақтардың мүлдем тоқтатылуына алып келді.

 

Қазіргі заманғы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылғы 29 тамыздағы Семей ядролық сынақ полигонын жабу және қуатты ядролық арсеналдан өз еркімен бас тарту туралы шешімі болды.

Әлемдік қоғамдастық БҰҰ Бас Ассамблеясы атынан 29 тамыз күнін Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні деп жариялау және әлемнің барлық елдерін ядролық қаруды тестілеу мен пайдаланудың жаппай аяқталуына шақыру туралы 2009 жылғы 2 желтоқсанда тиісті қарар қабылдап, аталған датаны мәңгі есте қалдырды.

Ядролық қарусыз болашақ құру бағдарын стратегиялық таңдау Қазақстан үшін қауіпсіздік саясатының басымдығын көрсетті. Оның негізінде 2045 жылға қарай ядролық қарудан азат әлем құру жөніндегі күш-жігерді қолдау, халықаралық қауіпсіздікті нығайту, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту, жаһандық проблемалар мен жанжалдарды реттеудегі халықаралық ұйымдардың рөлін арттыру, орнықты даму қағидаттары мен бастамаларына бейімділік жатыр.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммиттерге қатысуы

13.04.2010 г., Вашинтон, АҚШ
 
27.03.2012 г., Сеул, Оңтүстік Корея
 
01.04.2016 г., Вашинтон, АҚШ

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Семей ядролық полигонындағы сынақтардың тоқтатылуының 20 жылдығына арналған Семей қаласы жұртшылығының митингісіне қатысуы. 18.06.2009 ж., Семей қ., "Өлімнен де күшті" монументі.
 
Дата публикации
28 августа 2021
Дата обновления
28 августа 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

21 января 2026
«QazETA» Шетел азаматтарына арналған цифрлық платформа
11 июня 2025
Қазақстан мен Грекия арасындағы экономикалық әріптестікті тереңдету Афинада талқыланды
Ақпарат
04 июня 2025
Азаматтарға арналған жадынама

Социальные медиа

Twitter
Twitter
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Тұрақты даму мақсаттары