2025 жылғы 18 мамырда Астрахан облысы, Володар ауданы, Алтынжар ауылындағы Құрманғазы атындағы Өңірлік мәдениет орталығында қазақтың дәстүрлі ұлттық мерекесі «Жайлау-той» кеңінен аталып өтті.
Іс-шараға Астрахан облысының тұрғындары мен қонақтары, мәдени орталықтардың өкілдері, шығармашылық ұжымдар және Атырау облысының Құрманғазы ауданының әкімі бастаған делегация қатысты.
Құрметті қонақтар қатарында Астрахан облысы губернаторы әкімшілігінің басшысы, вице-губернатор Павел Паутов, Астрахан облысы Думасының төрағасы Игорь Мартынов, Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулы Қанат Хасенов, сондай-ақ аудандық және облыстық әкімдіктердің, этномәдени бірлестіктердің өкілдері болды.
Мереке барысында мәдени орталықтың жазғы сахналық алаңында Астрахан облысы мен Қазақстан Республикасының өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті, театрландырылған қойылымдар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, спорттық жарыстар ("қазақша күрес", "қой көтеру"), қолөнер көрмелері және т. б. өткізілді.
Мереке қонақтарға жергілікті қазақтардың тұрмысы мен тарихы таныстырылды, халық қолөнершілерінің туындылары көрсетілді.
Бас консулдықтың бастамасымен және тікелей қолдауымен осымен үшінші жыл аймақтағы жергілікті жасөспірімдер арасында "Тоғыз құмалақ" қазақ ұлттық ойыны бойынша жарыс ұйымдастырылды.
Бас консулдық тарапынан оның жеңімпаздарына Қазақстанда орналасқан Бурабай курорттық балалар лагеріне жолдамалар берілді.
«Жайлау-той – 2025» — өңірдегі ұлтаралық достық пен татулықтың, мәдени дәстүрлерге деген құрметтің жарқын үлгісі болды. Бұл мереке халықтарды біріктіретін рухани көпірге айналды және Қазақстан мен Ресей арасындағы тату көршілік байланыстардың айғағы болмақ.