Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулдығының өкілдері Астрахандағы бауырлас бақтағы "Мәңгілік даңқ оты" мемориалына гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Іс-шараға сондай-ақ Астраханда орналасқан Каспий маңы елдерінің консулдық мекемелерінің өкілдері: Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы мен Түрікменстан консулдығы, сондай-ақ Ресей Федерациясының Астрахан қаласындағы СІМ өкілдігінің және Астрахан облысының сыртқы байланыстар министрлігінің қызметкерлері қатысты.
Қатысушылар Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.