Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен Атырау облысынан «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының экспонаттарының көрмесі өткізілді.
Көрме Володар ауданындағы Құрманғазы Сағырбаев атындағы өңірлік мәдени орталықта ұйымдастырылды. Көрмеге «Ұлы Жібек жолының ортақ тарихи-мәдени мұрасы» тақырыбындағы ортағасырлық Сарайшық экспонаттары мен баспа өнімдері қойылды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы - Атырау облысының туристер көп баратын мәдениет орындарының бірі болып табылады. «Сарайшық» мұражай-қорығының экспонаттар жинағы Қазақстанның материалдық және рухани мұрасын қамтиды. Қазіргі уақытта мұражай қорында 4000-нан астам экспонат бар. Олардың көпшілігі Қазақстан тарихы мен мәдениетінің баға жетпес құндылықтары болып табылады.