Бас консул Астрахан облысының басшылығымен кездесті

Бас консул Астрахан облысының басшылығымен кездесті

2022 жылғы 22 қарашада Қазақстан Республикасының Бас консулы  А.Е. Мәдиевтің Астрахан облысының губернаторы И. Ю. Бабушкинмен кездесуі өтті.

Облыс губернаторы Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевты кезектен тыс президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Әңгімелесу барысында Қазақстан Астрахан облысының негізгі шетелдік серіктестерінің бірі болып табылатыны, олармен тығыз сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстар ғана емес, сондай-ақ берік достық қатынастар орнатылғаны атап өтілді.

Қазақстанмен белсенді өзара іс-қимылдар сауда және кеме жасау, көлік және логистика, білім беру және мәдениет саласында жүзеге асырылады. Маңызды бағыт инвестициялық ынтымақтастық болып табылады.

Қазіргі уақытта бірден бірнеше жобаларды пысықтау жалғасуда – Астрахан өңірінде шекара маңы сауда орталығын ("Қараөзек-Котяевка" БӨП) құру, Каспий теңізі бойынша круиздік маршрутты, сондай-ақ медициналық туризмді дамыту.

Тараптар ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымы көрсеткіштерінің артуының жағымды динамикасына оң баға берді. Қазіргі уақытта екіжақты сауданың әлеуеті толық ашылмағаны және экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейту және тауар айналымын ұлғайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілгені атап өтілді.

Ынтымақтастықтың мәдени-гуманитарлық саласын талқылай отырып, қазақ тілін, мәдениетін, халықтық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтау мен дамытуда, сондай-ақ шекара маңы ынтымақтастығы іс-шараларына белсене қатысып жүрген "Жолдастық" қазақ мәдениетінің Астрахан өңірлік қоғамдық ұйымы мен Құрманғазы атындағы өңірлік мәдени орталығының қызметтеріне оң баға берілді.

Қазақстанның шекаралас облыстарының Астрахан облысымен өңірлік өзара іс-қимылының басым бағыттары 2022 жылғы 28 қарашада Орынборда өтетін Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының алдағы 18-ші форумы шеңберінде де талқыланатын болады.

Кездесу барысында шекара маңындағы сауда орталығын құру перспективалары, кеме жасау саласындағы ынтымақтастық, сауда көлемін ұлғайту және Қазақстан мен Астрахан облысы арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытудың басқа да бағыттары талқыланды.