Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде ЕО Елшісімен кездесу өтті

Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде ЕО Елшісімен кездесу өтті

Мәскеудегі Қазақстанның Елшілігінде ҚР РФ Елшісі Ермек Көшербаев Еуропалық Одақтың Ресейдегі жақында тағайындалған Елшісі Ролан Галарагпен кездесті.

Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік тасымалдау салалардағы мәселелер талқыланды.

Тараптар ЕО мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуы қарсаңындаүы екәжақты байланыстың жоғары деңгейіне тоқталды.

Дипломаттар тұрақты жұмыс байланыстарын жалғастыру ниетін растап, әрі қарайғы жұмыста бір-біріне табыс тіледі.

 

https://www.kazembassy.ru