ҚР-ның РФ-дағы Елшілігінде Дания мен Сирия елшілерімен кездесулер өтті

ҚР-ның РФ-дағы Елшілігінде Дания мен Сирия елшілерімен кездесулер өтті

Мәскеудегі Қазақстанның Елшілігінде ҚР-ның РФ-дағы Елшісі Ермек Көшербаев Данияның Ресейдегі Елшісі Якоб Хеннингсенмен және Сирияның Ресейдегі жақында осы лауазымдарға тағайындалған Елшісі Башар Джафаримен кездесті.

Өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.

Екі тарапты да қызықтыратын мәселелер бойынша пікір алмасу болды.

Атап айтқанда, Башар Джафари Астана процесі аясында Сириядағы қақтығысты реттеуге қосқан үлесі үшін Қазақстанға ерекше алғысын білдірді. Кезекті XIX Халықаралық кездесу 2022 жылғы 22-23 қарашада ҚР астанасында өткізу жоспарлануда.

Якоб Хеннингсен Данияның Қазақстандағы Елшісі қызметіне ертерек кірісетініне және екіжақты ынтымақтастықтың жемісті болатынына үміт білдірді.

Дипломаттар тұрақты жұмыс байланыстарын жалғастыруға ниеттерін білдіріп, бір-біріне алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

 

https://www.kazembassy.ru