Астрахан мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында орнатылған дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай іс-шара өтті

Астрахан мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында орнатылған дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай іс-шара өтті

Ү.ж. 15 сәуірінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында орнатылған дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын атап өту шеңберінде Астрахан мемлекеттік университетінде ҚР Бас консулдығының қатысуымен «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қатынастар: тарихы мен қазіргі заман» атты лекция болып өтті.

 

Аталған іс-шараға Қазақстан мен Ресей университеттерінің ғалымдары, мұғалімдері және студенттері қатысты. Лекцияға онлайн форматта Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университеті, Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университеті және Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің студенттері де қатысты.

 

Іс-шараны Астрахан мемлекеттік университетінің ректоры Константин Маркелов ашып беріп, «екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын атап өту маңызды екендігін, екі ел арасында жақсы көршілес, серіктес қатынастардың қалыптасқандығын және одан әрі дамуда екендігін айтты.

 

ҚР Астрахан қаласындағы Бас консулы Тауболды Үмбетбаев іс-шараға құрметті қонақ ретінде қатысып, сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында орнатылған дипломатиялық қатынастардың 30 жылы аралығында екі мемлекет сенімді одақтас, стратегиялық серіктес және мейірімді көршілер екендігін дәлелдегендігін атап өтіп, елдер арасында тығыз саяси диалог, ажырамас экономикалық байланыстар орнатылғандығын, барлық салада ынтымақтастық белсенді дамып келетіндігін атап өтті.

 

Астрахан мемлекеттік университетінің өкілдері қазақстандық-ресейлік қарым-қатынастарының дамуының тарихи кезеңдері және болашағы туралы баяндама жасап берді.

 

Соңғы үш жыл ішінде 255 Қазақстан Республикасының азаматы Астрахан мемлекеттік университетін бітірді. Қазіргі таңда 322 қазақстандық студенттер білім алуда.