Астраханда «Каспий-2021: тұрақты даму жолдары» халықаралық ғылыми форумы ашылды

Астраханда «Каспий-2021: тұрақты даму жолдары» халықаралық ғылыми форумы ашылды

Бүгінгі аталған Форум аясында «Каспий-2021: тұрақты даму жолдары» және «Үлкен Каспий: ғылыми және білім беру саласындағы ынтымақтастық» панельдік пікірталастар, «Геостратегиялық аймақтағы жастар» ашық әңгімесі, «Каспий пікірталас клубы» сараптамалық-талдау орталығының отырысы, халықаралық дәрежеде ұйымдастырылған «Каспий цифрлық дәуірде» атты ұлттық конференциялар өтуде.

Аталған іс-шараға 11 мемлекеттің ғылым, жоғары білім жүйесіндегі және жастар саясаты жөніндегі сарапшылары атсалысып, қатысты. Форумның мақсаты – Каспий макроаймағының инновациялық дамуын белсендіруге арналған технологиялық серіктестіктің, білім беру және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың интеграциясын күшейту тетіктерін құру болып табылады.

Астрахан облысының губернаторы Игорь Бабушкин өзінің құттықтау сөзінде форум Ресей Президенті Владимир Путин жариялаған «Ғылым және технологиялар» жылында өтіп жатқанына баса көңіл аударды.

Қазақстан Республикасының Астрахандағы Бас консулы Тауболды Үмбетбаев ең алдымен өз сөзінде Астраханда ашылған Форумның күн тәртібі, қатысушылардың құрамы және дискуссиялардың деңгейі жоғары екендігін атап өтті.

«Форум маңызды қоғамдық және ғылыми іс-шаралар күнтізбесіне еніп, өзінің талап етілген мақсаттары мен міндеттерімен ғалымдардың, мемлекеттік органдардың өкілдері мен Каспий маңы елдерінің сарапшылар қауымдастығын біріктіретініне сенімдімін. - деді дипломат.