Қазақстан Республикасының Астрахань қаласындағы Бас консулдығы мен жергілікті билік өкілдерінің кездесуі

Қазақстан Республикасының Астрахань қаласындағы Бас консулдығы мен жергілікті билік өкілдерінің кездесуі

Ү.ж. 1 наурызында Қазақстан Республикасының Астрахань қаласындағы Бас консулдығы басшылығының Астрахан облысы Мәдениет және туризм министрі О.Прокофьева мен Халықаралық байланыстар агенттігінің төрағасы В.Головковпен кездесуі өтті. Кездесу барысында 2021 жылға жоспарланған іс – шараларды өткізу, туризм және мәдени ынтымақтастықты дамытуға бағытталған жобалар пысықталды.

Астраханда өтетін VI – Каспий медиафорумындағы екіжақты іс-шаралар, атап айтқанда ҚР мен Астрахань арасындағы туризм саласында екіжақты келісімге қол қою, Астрахань облысының аумағындағы архелогиялық қазбаларды зерттеу және тәжірибе бөлісу бойынша Қазақстан мен Ресей сарапшылар – археологтарының форумы, «Құрманғазы» аймақтық мәдени орталығында өткізілетін мәдени іс-шаралар, Астрахань кремлінің аумағында өткізілуі жоспарланған Open air”  музыкалық әуендер кешіне қазақстандық шығармашылық топтарының  қатысуы және т.б. екіжақтық ынтымақтастықтағы өзекті мәселелер талқыланды.