Астрахань облысының губернаторы И. Бабушкин дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен кездесті

Астрахань облысының губернаторы И. Бабушкин дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен кездесті

Ү.ж. 26 ақпан күні Астрахань облысының губернаторы И.Ю. Бабушкин өңірдегі шет мемлекеттер дипломатиялық өкілдерінің басшыларымен кездесті (Қазақстан, Иран, Туркменистан).

И.Бабушкин 2021 жылға жоспарланған іс шаралармен таныстыра келе дипломаттарды Ресей Федерациясында өтетін халықаралық II – Каспий экономикалық форумы, VI - Каспий медиафорумдары, «Каспий жағалауы елдерінің Халықаралық жастар ынтымақтастығы» бейне конференциясына және т.б. маңызды мерейтойларда атсалысуға шақырып, биылға жоспарланған бағыттардың негізінен туризм саласын қамтитынын айтты.  

Қазақстан Республикасының Астрахань қаласындағы Бас консулдығының басшысы Тауболды Үмбетбаев, өз баяндамасында биылғы Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жоспарланған форумдар мен туризм саласындағы ынтымақтастыққа толығымен қолдау көрсету мен жастар арасындағы қарым-қатынасты ұлғайтуда жұмыстарды бастап кеткенін жеткізді. Соңында Губернатордың жоғары дәрежедегі қабылдауына алғыс білдіріп, жергілікті билікпен жиі кездесу, тікелей пікір алмасудың өзара достастық, түсіністік пен ынтымақтастыққа өз үлесін қосатынына сенімділігін білдірді.