Астраханда «Аймақтық әлеуметтік-саяси жүйесі шеңберінде мәдениетаралық өзара қарым-қатынас» атты халықаралық ғылыми-практикалық пікір алмасу форумы болып өтті

Астраханда «Аймақтық әлеуметтік-саяси жүйесі шеңберінде мәдениетаралық өзара қарым-қатынас» атты халықаралық ғылыми-практикалық пікір алмасу форумы болып өтті

Астраханда халықаралық ғылыми-практикалық «Аймақтық әлеуметтік-саяси жүйесі шеңберінде мәдениетаралық өзара қарым-қатынас» атты халықаралық ғылыми-практикалық пікір алмасу форумы болып өтті.

Ү.ж. 18 ақпан күні Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулдығының қатысуымен Астрахан мемлекеттік техникалық университетінің ғимаратында халықаралық ана тілі күніне арналған халықаралық ғылыми-практикалық пікір алмасу форумы өткізілді.

Форум алдында ҚР Басконсулы Т.Үмбетбаев Астрахан облысының Мәдениет және туризм министрі О. Прокофьева және Астрахань мемлекеттік техникалық университетінің ректоры, профессор А.Неваленныймен кездесіп, екіжақты қарым-қатынастың келешегі туралы пікір алмасты.

Форумға университет өкілдерімен қатар дипломаттар, жергілікті билік органдарының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және онлайн форматта Нұр-Сұлтан, Атырау, Ақтау және т.б. қалаларының жоғарғы оқу орындарының өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Қазақстан Республикасы Бас консулдығының басшысы Тауболды Үмбетбаев, бір өлкеде тұратын әрбір ұлттар өкілдерінің бір-бірінің ана тілі, мәдениеті мен тарихына деген сый-құрметі мен ынтымақтастығы халықтар бірлігінің келешегі екенін атап өтіп, Қазақстанда бүкіл қазақстандық бірліктің бірегей үлгісін қалыптастыруда Қазақстан халқы Ассамблеясы маңызды рөл атқарғаны туралы айтты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында айтқанын және 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясын Мемлекет басшысы жанындағы консультативті кеңесші орган мәртебесімен құру туралы Президенттің Жарлығы шыққанын баяндап берді.

ҚР дипломаты биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 - жылдығы тойланып жатқанын айтып, мемлекеттер арасындағы достық пен ынтымақтастықты тереңдету бағытында бірлескен іс-шаралар өткізуді ұсынды. Соңында жергілікті билік өкілдері мен университет басшылығына форумның жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанына ризашылық білдіріп, мұғалімдердің жастар келешегіндегі таптырмас еңбектеріне табыстар мен жетістіктер тілеп, осындай халықаралық пікір алмасудың өзара түсіністік пен достастыққа өз үлесін қосатынына сенім білдірді.

Сонымен қатар, форум залында Қазақстанның мәдениеті мен тарихы бұрышы көрмесі ұйымдастырылды.