Астраханьда «Ресей-Қазақстан: Достық Көпірі» атты Каспий өңірінің халықаралық мәдени форумы өтті

Астраханьда «Ресей-Қазақстан: Достық Көпірі» атты Каспий өңірінің халықаралық мәдени форумы өтті

2026 жылдың 22-25 қыркүйек аралығында Астрахань қаласында «Ресей-Қазақстан: Достық Көпірі» атты Каспий өңірінің халықаралық мәдени форумы өтті.

Форумның ресми бағдарламасына Қазақстан Республикасынан «Jas Tolkyn -Жас Толқын» жас таланттар байқауының жеңімпаздары қатысқан «КҚК - Дарынды балаларға» халықаралық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы байқауының үшінші аймақтық кезеңі кірді.

Форум аясында Ресей мен Қазақстанның танымал мәдениет қайраткерлері мен шығармашылық жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысуымен практикалық тәжірибе алмасуға және дағдыларды, біліктілікті және шығармашылық шеберлікті арттыруға бағытталған мәдени шеберлік сабақтары мен семинарлар өтті.

Іс-шараның қорытындысы ретінде Астрахан мемлекеттік филармониясында өткен қазақстандық балалар шығармашылық ұжымдарының мерекелік концерті, сондай-ақ Астрахан опера және балет театрының сахнасында өткен фестивальдің салтанатты жабылуы және Астрахан облысы мен Қазақстан Республикасының балалар ұжымдары мен солистерінің қатысуымен «Еділ бойымен Каспийге дейін бір толқын» бірлескен гала-концерті болды.

 

Анықтама үшін: «Jas Tolkyn - Жас Толқын» байқауы «КҚК - Дарынды балаларға» халықаралық бастамасының бөлігі ретінде Қазақстанда 2019 жылдан бері «Каспий құбыр консорциумы-К» АҚ қолдауымен өткізіліп келеді және консорциум жұмыс істейтін аймақтардағы дарынды балаларды қолдауға бағытталған.

Биыл байқауға Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарынан 9 жастан 18 жасқа дейінгі қатысушылардан 1500-ге жуық өтінім келіп түсті. Байқау келесі номинациялар бойынша өтті: «Вокал», «Хореография», «Аспаптық жанр», «Дәстүрлі ән» және «Әлеуметтік бейнеролик».

Байқау нәтижелері бойынша жеңімпаздар жыл соңында Мәскеуде өтетін «КҚК - Дарынды балаларға» халықаралық байқауында Қазақстан атынан қатысу құқығына ие болады.

Ресей Федерациясында жоба Астрахан облысын, Қалмақ Республикасын, Ставрополь және Краснодар өлкелерін қамтиды.

Жобаның мақсаты - өңірлердегі халық мәдениеті мен дәстүрлерін сақтауға қолдау көрсету, жас ұрпақты шығармашылықпен таныстыру, талантты және дарынды балаларды анықтау, мәдени диалог пен тату көршілік қарым-қатынастарды дамыту.