
Астрахань қаласының орталық стадионында «Құрманғазы атындағы өңірлік мәдени орталығының кубогына» футбол ардагерлері арасында XI халықаралық турнир өтті
Өңірлік Дене шынықтыру және спорт министрлігінің қолдауымен өткізілген іс-шараға Ресей Федерациясының Астрахан облысынан және Қазақстан Республикасының Атырау облысынан 7 команда қатысты
Жарыс басталар алдында Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік әнұрандары орындалды сондай-ақ Құрманғазы атындағы өңірлік мәдени орталығының шығармашылық ұжымдарының орындауымен екі елдің вокалдық аспаптық және би нөмірлері ұсынылды
Бас консулдықтың өкілдері құттықтау сөзінде командаларға сәттілік әділ және әдемі ойын жарқын жеңістер тамаша көңіл-күй мен спорттық рух тіледі
Дәстүрлі футбол жарыстары жыл сайын өткізіледі және достық қарым-қатынастарды нығайтуға, шекара байланыстарын дамытуға және спортты танымал етуге бағытталған