Қазақстанның Астраханьдағы Бас консулы Астрахан мемлекеттік техникалық университетінің ректорымен кездесті

Қазақстанның Астраханьдағы Бас консулы Астрахан мемлекеттік техникалық университетінің ректорымен кездесті

Бас консул Қанат Хасенов Астрахан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры, биология ғылымдарының докторы профессор Александр Неваленмен жұмыс кездесуін өткізді

Кездесу барысында өзара іс-қимыл мәселелері және әріптестіктің басым бағыттары сондай-ақ Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарымен байланыстарды нығайту мәселелері қаралды

Сондай -ақ, ұйымның 30 жылдығына арналған және ағымдағы жылдың қазан айында Ақтау қаласында өтетін Каспий маңы елдерінің университеттері мен ғылымизерттеу орталықтары қауымдастығының (Қазақстан Ресей Иран Әзірбайжан Түрікменстан) 28ші Бас Ассамблеяға және студенттік спорттық ойындарға (спартакиада) дайындық және қатысу мәселелері талқыланды

Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру, ғылыми жобаларды іске асыру және академиялық мобильділікті арттыру мақсатында қазақстандық оқу орындарымен әріптестік қатынастарды кеңейту жоспарлары белгіленді