
В.Н. Татищев атындағы Астрахан мемлекеттік университетінде «Журналистика» білім беру бағдарламасының «Креативті индустриялардағы медиатехнологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша магистранттардың қорытынды аттестаттауы өтті. Магистрлік жобаларын Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары Жасын Біркенов пен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС баспасөз қызметінің жетекшісі Жандос Темірғалиев қорғады.
Іс-шара «Ресей мен Қазақстан: халықаралық қатынастарды дамытудың жаңа міндеттері мен перспективалары» тақырыбындағы дөңгелек үстел аясында ұйымдастырылды.
Қатысушыларды Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулдығының кеңесшісі Руслан Апижанов, университеттің білім беру қызметі жөніндегі проректоры Галина Станкевич, Астрахан облысының сыртқы байланыстар министрінің орынбасары Илья Торопицын және құттықтады.
Жасын Биркенов «24KZ» телеарнасының контенттік стратегиясына арналған жұмысын таныстырса, Жандос Темірғалиев өндірістік кәсіпорынның
оң имиджін қалыптастырудағы PR өнімдерінің рөліне арналған жобасын қорғады.
Жоба аясында Қазақстанның жетекші 12 медиа маманы мен медиаменеджері магистрлік даярлықтан өтті.