Астраханда Атырау облысының педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру бағдарламасы өтуде

Астраханда Атырау облысының педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру бағдарламасы өтуде

2026 жылғы 29 маусымда Астраханда «Көпмәдениетті мектепте орыс тілін шетел тілі ретінде оқытудың заманауи әдістемесі» атты білім беру бағдарламасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Қазақстандағы Атырау облысы мектептерінің мұғалімдеріне арналған бес күндік күндізгі курс Астрахан облысының Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі тарапынан әзірленген. Бұл жоба «Каспий Құбыр Консорциумы-Р» АҚ қолдауымен «Платформа» білім беру институты» Астрахан облыстық мемлекеттік дербес қосымша кәсіби білім беру мекемесінің базасында іске асырылуда.

Бағдарламаның ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулы Қанат Хасенов, Астрахан облысы губернаторының орынбасары – губернатор әкімшілігінің басшысы Павел Паутов, «КҚК-Р» АҚ директоры Николай Горбань және Ресей СІМ-нің Астрахан облысындағы өкілі Олег Коломин қатысты.

Аталған бағдарлама Астрахан облысында 29 маусым мен 3 шілде аралығында жүзеге асырылады. Атырау облысы мектептерінен келген 20 орыс тілі мұғалімі 36 академиялық сағат көлемінде дәрістер курсын тыңдап, бейнематериалдармен танысады. Сондай-ақ, бағдарлама аясында көшпелі экскурсиялар ұйымдастырылып, педагогтер алған білімдерін практикалық сабақтарда тексеретін болады.