Астраханда ЕАЭО күніне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Астраханда ЕАЭО күніне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Астрахан қаласындағы генерал-адмирал Ф.М. Апраксин атындағы Каспий теңіз және өзен көлігі институтының базасында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) күніне арналған халықаралық дөңгелек стол өтті. Сарапшылық кездесудің басты тақырыбы - су көлігі, логистика және порт инфрақұрылымын жаңғырту саласындағы одаққа мүше мемлекеттер мен бақылаушы елдердің өзара іс-қимылын нығайту болды.

Шараға бетпе-бет қатысушылармен қатар онлайн-форматта пікірталасқа қосылған Беларусь, Қазақстан және Қырғызстанның шетелдік сарапшылары жиналды.

Қатысушыларға арнап Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулы Қ. Хасенов, Ресей СІМ-нің Астрахан қаласындағы Өкілі О. Коломин, Астрахан облысы Сыртқы байланыстар министрінің орынбасары И. Торопицын және Каспий теңіз және өзен көлігі институты директорының орынбасары И. Лесничий  сөз сөйледі.

Отырыс барысында сарапшылар Еуропа, Азия және Таяу Шығыс арасындағы тұрақты сауда ағындарын қамтамасыз ету үшін тиімді логистикалық ортаны құруға арналған бірқатар баяндамаларды ұсынды. Тараптар ішкі су жолдарын дамыту перспективаларына, порт инфрақұрылымын ауқымды жаңғыртуға, сондай-ақ жүк тасымалын жедел басқару үшін заманауи цифрлық шешімдерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударды.