Астраханда Каспий маңы елдерінің консулдары Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды еске алды

Астраханда Каспий маңы елдерінің консулдары Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды еске алды

Жеңіс күні қарсаңында Астрахан қаласындағы консулдық мекемелердің өкілдері қаладағы «Бауырластар бағында» (Братский сад) орналасқан «Мәңгілік даңқ алауы» мемориалына гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің рухына Қазақстан Республикасының Астрахандағы Бас консулы Қанат Хасенов, Иран Ислам Республикасының Астрахандағы Бас консулы Ахмад Хейдариан, Түркменстанның Астрахандағы Консулы Гадам Иламанов, сондай-ақ Ресей Федерациясы СІМ-нің Астрахандағы өкілі Олег Коломин және Астрахан облысының Сыртқы байланыстар министрі Владимир Головков тағзым етті.

Шараға қатысушылар Ұлы Отан соғысы құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алды.