Астраханда көпұлтты көктем мерекесі – Наурыз атап өтілді

Астраханда көпұлтты көктем мерекесі – Наурыз атап өтілді

Астрахандағы «Аркадия» мәдениет және демалыс саябағында табиғаттың жаңаруын және халықтар бірлігін білдіретін Наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шаралар өтті.

Аталған іс-шараға Астрахан облысының губернаторы И.Ю. Бабушкин, Қазақстан Республикасының Астрахандағы Бас консулы К.А. Хасенов, сондай-ақ өңірдегі ұлттық-мәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты.

Негізгі мерекелік сәт - облыстың жетекші шығармашылық ұжымдары қатысқан гала-концерт болды. Саябақ аумағында этнографиялық алаң ұйымдастырылып, онда ұлттық-мәдени қоғамдар өздерінің дәстүрлі аулаларын таныстырды.

Сондай-ақ «Наурыз-бике-2026» байқауы өтті. Байқау барысында әртүрлі ұлт өкілдері болып табылатын жас астрахандық қыздар шығармашылық нөмірлерін ұсынып, өз қолдарымен дайындаған ұлттық тағамдарын көрсетті. Байқау жеңімпазы Астрахан қаласындағы «Жолдастық» қазақ мәдениеті қоғамдық ұйымының өкілі Алина Курманязова атанды.

Мерекелік іс-шаралар өзара құрмет, достық және мәдениетаралық диалог атмосферасында өтті.