
Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігі құрамында есірткі заттары бар «Гармала» өсімдігінің (Қазақстан Республикасында «Адыраспан» атауымен кеңінен белгілі) және оның құрамындағы «гармин» есірткі затының заңсыз айналымы үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы Жаднама әзірледі.
Ресей Федерациясы Үкіметінің 2024 жылғы 7 ақпандағы № 135 қаулысына сәйкес гармала (адыраспан) Ресей Федерациясында бақылауға жататын, құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер тізбесіне енгізілген.
Осыған байланысты Ресей Федерациясының аумағында гармала мен оның құрамындағы гарминнің заңсыз айналымына қатысты кез келген әрекеттер (соның ішінде сатып алу, сақтау, тасымалдау, өткізу, жөнелту, өсіру, пайдалану, сондай-ақ жеке немесе медициналық мақсатта әкелу) Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.