Ресейдегі қазақстандықтар жаңа Конституция бойынша референдумға қатыса алады

Ресейдегі қазақстандықтар жаңа Конституция бойынша референдумға қатыса алады

2026 жылғы 15 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді.

18 жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматтары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Астрахан қаласындағы Бас консулдығы ғимаратында дауыс бере алады. Мұнда №455 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Учаскенің жұмыс уақыты: Астрахан уақыты бойынша 07:00–20:00.

Сайлау учаскесінің мекенжайы: Астрахан қаласы, 1-ші Аршанская көшесі, 17-үй.

Сайлау учаскесіне келген кезде өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлігін алып келу қажет.

Сайлау процесін ұйымдастыруды жеңілдету мақсатында, Астрахан қаласында дауыс беруді жоспарлап отырған азаматтардан алдын ала astrakhan@mfa.kz электрондық поштасына келесі мәліметтерді жолдауды сұраймыз:

– толық аты-жөні;

– туған күні;

– ЖСН;

– Ресей Федерациясындағы тұрғылықты мекенжайы;

– байланыс телефоны;

– электрондық пошта мекенжайы.