Астраханда «Қазақстанның медиа кеңістігі: заманауи үрдістер мен даму перспективалары» атты дөңгелек үстел өтті

Астраханда «Қазақстанның медиа кеңістігі: заманауи үрдістер мен даму перспективалары» атты дөңгелек үстел өтті

2026 жылғы 20 ақпанда В.Н.Татищев атындағы Астрахан мемлекеттік университеті базасында «Қазақстанның медиа кеңістігі: заманауи үрдістер мен даму перспективалары» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара ғылыми пікірталасты және аталған жоғары оқу орнында білім алып жатқан Қазақстан Республикасының магистранттарының қорытынды мемлекеттік аттестаттауын біріктірді.

Аталған рәсімде Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулы Қанат Хасенов, Астрахан облысының Сыртқы байланыстар министрі Владимир Головков және Ресей СІМ-нің Астрахандағы өкілдігінің атташесі Михаил Рудов құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шара барысында баяндама жасағандар қатарында Халықаралық Еуразиялық телевидение және радио академиясының академигі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті профессоры Мәншүк Мұқашева болды. Ол Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде медиа мамандарды даярлаудың ерекшеліктері туралы баяндады.

Сондай-ақ келесі спикерлер: ҚазҰУ-дың Ақпарат және коммуникациялар департаментінің директоры Қаншайым Байдәулетова, «Жібек Жолы» телеарнасының тілшісі Айман Қаймулдина, 24 KZ телеарнасының бас редакторы («Хабар» агенттігі АҚ) Жазира Әбіл, ҚР Парламенті Сенаты аппараты Баспасөз қызметінің бас кеңесшісі Аслан Жеңісов және басқа да сарапшылар таныстырылым жасады.

Қазақстандық сарапшылар өз баяндамаларында жетекші республикалық медиа ресурстарды, контенттік стратегияларды, медиаөнімдер мен имидждік фильмдерді таныстырды.

Дөңгелек үстел медиа индустрия зерттеушілері мен практиктері арасында тәжірибе алмасу алаңына айналып, цифрлық трансформация жағдайында медиа ортаны дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік берді.