Астрахан қаласында «Ана тілі – бірлік көпірі: мәдениеттер диалогындағы Абай мұрасы» атты мәдени-тарихи іс-шара өтті

Астрахан қаласында «Ана тілі – бірлік көпірі: мәдениеттер диалогындағы Абай мұрасы» атты мәдени-тарихи іс-шара өтті

2026 жылғы 11 ақпанда Астрахан мемлекеттік техникалық университеті базасында Халықаралық ана тілі күніне орай «Ана тілі – бірлік көпірі: мәдениеттер диалогындағы Абай мұрасы» атты мәдени-тарихи іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараға құттықтау сөз сөйлегендер қатарында Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулы Канат Хасенов, Астрахан облысы губернаторы әкімшілігінің ішкі саясат басқармасы басшысының бірінші орынбасары Андрей Сызранов, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті өкілдері, Астрахан мемлекеттік техникалық универсиетінің проректоры Ирина Квятковская, сондай-ақ өңірдегі ұлттық-мәдени бірлестіктердің жетекшілері болды.

Кездесудің негізгі тақырыбы ұлы қазақ ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлы шығармашылығына арналды. Іс-шара барысында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері Абайға арналған әндерді орындап, оның шығармаларын оқыды. Сонымен қатар, Астрахан өңірлік қазақ мәдениеті қоғамдық ұйымы Жолдастық шығармашылық ұжымдары мен солистері концерттік бағдарлама ұсынып, Абай өлеңдеріне жазылған әндер мен домбырамен қазақ күйлері орындалды.

Іс-шара Астрахан мемлекеттік техникалық университетінің Қазақстан жоғары оқу орындарымен көпжылдық ынтымақтастығын айқындай түсті. Университетте Қазақстан Республикасынан келген жүздеген студент білім алуда, қос диплом бағдарламалары жүзеге асырылып, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.