Қазақстандық студенттер Астрахандағы оқу тәжірибесін сәтті аяқтады

Қазақстандық студенттер Астрахандағы оқу тәжірибесін сәтті аяқтады

Астрахан қаласындағы генерал-адмирал Ф.М. Апраксин атындағы Каспий теңізі және өзен көлігі институтында халықаралық академиялық мобильділіктің алғашқы бағдарламасының жабылу салтанаты өтті.

Салтанатты шара барысында Қазақстанның Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің 4-курсының 12 студентіне Астрахань теңіз оқу орнында бір айлық оқу тәжірибесін сәтті аяқтағанын растайтын ресми транскрипттер табысталды.

Бағдарлама студенттердің кәсібилігін тереңдетуге бағытталды. Болашақ теңіз саласының мамандары «Кеме қауіпсіздігі», «Теңізде жүзуді математикалық қамтамасыз ету» және «Кемені маневрлеу және басқару» пәндері бойынша дәрістер мен практикалық сабақтарға қатысты. Сонымен қатар қатысушылар кәсіби тренажерда навигация бойынша мастер-класс өтті, Астрахандағы кеме қатынасы компаниясының өкілдерімен кездесті және өңірдегі кеме жасау кәсіпорнының жұмысымен танысты. «Жобаға қадам» атты инженерлік ойын барысында студенттер көшбасшылық және жобалық дағдыларын көрсетті.

Студенттердің Астрахан өңіріндегі мәдени бағдарламасы да мазмұнды болды. Қазақстандық студенттер Володар ауданының Алтынжар ауылындағы Құрманғазы атындағы өңірлік мәдениет орталығында, сондай-ақ олар «Ресей - халықтар достығымен күшті!» атты ұлттық мәдениеттердің өңірлік фестиваліне және генерал-адмирал Ф.М. Апраксин атындағы институт қабырғасында өткен ұлы қазақ ақыны әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған мерекелік кешке қатысты.

Академиялық мобильділік бағдарламасы Қазақстан мен Ресейдің білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, теңіз саласы студенттеріне кәсіби тәжірибе алмасуға және көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік берді.