Астрахан қаласында “Жолдастық” қазақ мәдениеті қоғамдық ұйымының 35 жылдығына арналған салтанатты кеш өтті.
Облыстық филармонияның фойесі қазақ мәдениетінің бай дәстүрлеріне толықтай енуге мүмкіндік берді: халық қолданбалы өнері көрмелері, астрахандық суретші Бірғали Әлиевтің картиналары, қазақ мәдениетінің элементтерімен безендірілген экспозициялар және сәндік киіз үй фотозонасы. Сонымен қатар, қонақтар үшін ұлттық ойын «Ханталапай» бойынша шеберлік сабағы ұйымдастырылды.
Қонақтарды домбыра әуені қарсы алып, жаңа піскен баурсақпен сыйлады. Облыстың түкпір-түкпірінен келген 600-ден астам қандастарымыз концерт залында мерекелік көңіл-күймен жиналды.
“Жолдастықты” мерейтойымен құттықтауға салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулы Қанат Хасенов, Астрахан облысы губернаторы әкімшілігінің орынбасары Кирилл Каюков, облыстық Дума төрағасының орынбасары Олег Петелин, облыс муфтияты Рауф-Хазрат Джантасов, аудандардың басшылары, ұлттық-мәдени бірлестіктердің жетекшілері, ұйымның достары мен серіктестері қатысты. Қонақтар қоғамның ұлтаралық келісім мен достықты нығайтудағы маңызын атап өтті және одан әрі жетістіктер тіледі.
Кеш бағдарламасында шығармашылық топтардың жарқын қойылымдары ұсынылды: ұлттық билер, қазақ және орыс тілдеріндегі сезімге толы әндер, музыкалық аспаптарда шебер орындалды. Қоғам тарихына ерекше көңіл бөлініп, ұйымның негізін қалаушылар, ұйым дамуына үлес қосқан адамдар, жүзеге асырылған жобалар, жеткен табыстар мен қиындықтарды қалай жеңгені туралы естеліктер айтылды. Халық аспаптары оркестрінің қазақ күйлері, әншілер кештің шырайын кіргізді.
“Жолдастықтың” мерейтойы тек мереке емес, халықтар достығы мен бірлігінің символына айналды. Бұл мәдениет – ұлттар достығын біріктіретін алтын көпір екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Алдағы уақытта “Жолдастық” ұйымына жаңа белестер, қызықты жобалар мен жемісті жетістіктер тілейміз!