XXVIII Петербург халықаралық экономикалық форум аясында Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Астрахан облысының губернаторы Игорь Бабушкинмен кездесті.
Тарихи тұрғыдан аймақ екі мемлекет арасындағы сауда байланыстары мен мәдени диалогтың негізгі элементі болып табылады.
Өзара қызығушылық тудыратын бағыттардың бірі - агроөнеркәсіптік кешендегі, балық шаруашылығындағы және аквашаруашылық саласындағы кооперация. Осыған байланысты, аграрлық ғылым, балық өндірісі және су биоресурстарын сақтау жөніндегі астрахандық танымал орталықтармен ғылыми-практикалық ынтымақтастық үшін жақсы перспективалар ашылуда.
Көлік-логистика саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Осы тұрғыда жаңғыртылған және жақында пайдалануға берілген «Атырау – Астрахан» автотрассасы, сондай-ақ қайта құру жоспарланып отырған «Құрманғазы» өткізу пункті өзара сауда көлемін арттыруда тиімді рөл атқаруға тиіс.
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді.
Өзара гастрольдік қызмет жүзеге асырылуда.
Астрахан облысында 703 қазақстандық студент оқиды.
Жергілікті қазақтар – саны бойынша аймақтағы екінші этнос және Ресейдегі ең ірі қазақ қауымдастығын құрайды. Д.Абаев отандастарының тарихи отанымен рухани байланыстарын нығайтуда, тілі мен мәдениетін сақтауда жан-жақты қолдауы үшін, қазақ мәдениет қайраткерлері туралы естеліктер үшін И. Бабушкинге алғысын білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша оның қатысушылары өзара тиімді ынтымақтастықты арттыруда жан-жақты қолдау көрсетуге келісті.