Қазақстанның Түрікменстандағы Елшісі Нұрлан Ноғаев Мемлекеттік министр-"Turkmengaz" мемлекеттік концернінің төрағасы Мақсат Бабаевпен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында тараптар өндіруші активтерді бірлесіп игеруді және газ құбыры жобаларын іске асыруды қоса алғанда, газ өнеркәсібіндегі өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуді талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша энергетика саласындағы стратегиялық өзара іс-қимылды кеңейтуге деген өзара ұмтылыс расталды.