Ашғабат, 2024 жылғы 17 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Ноғаев Түрікменстан Мәжілісінің Төрайымы Дуньягозель Гулмановамен кездесу өткізді.
Тараптар стратегиялық әріптестікті нығайту мен парламентаралық ынтымақтастықты, сондай-ақ екіжақты қатынастардың негізгі мәселелерін талқылап, Гурбангулы Бердімұхамедовтің бастамаларының маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, парламентаралық байланыстарды дамытуға және Орталық Азия елдері мен Корея Республикасы Парламенттері спикерлерінің Ашғабаттағы алдағы кеңесіне назар аударылды.