Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке сенім грамоталарын тапсырғаннан кейін Қазақстанның Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Ноғаев Түрікменстан Министрлер Кабинетінің мүшелерімен бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді.
Атап айтқанда, Елші Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының Орынбасары - Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен, Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының Орынбасарлары Батыр Атдаев, Мяхриджемал Маммедова, Байрамгүл Ораздурдыева, Батыр Амановпен кездесті. Сондай-ақ Нұрлан Ноғаев Түрікменстан Министрлер Кабинеті жанындағы Көлік және коммуникация агенттігінің Бас Директоры Мамметхан Шақыевпен жұмыс бабындағы кездесу өткізді.
Жұмыс кездесулері барысында тараптар экономикалық, энергетикалық, әлеуметтік, сондай-ақ логистикалық салалардағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылады.