Қазақстанның Елшісі Түрікменстанның Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстанның Елшісі Түрікменстанның Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Ашхабад, 2024 жылғы 17 шілде – Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Ноғаев Түрікменстанның Президенті Сердар Бердымухамедовке сенім грамоталарын табыс етті.

Кездесу үшін берілген уақыт үшін ризашылығын білдіре отырып, Қазақстанның Елшісі Түрікменстанның Президенті мен Түрікмен халқының ұлттық көшбасшысы, Түрікменстанның Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердымухамедовке Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тәуелсіз бейтарап Түрікменстанмен дәстүрлі достық байланыстарын нығайтуға үлкен мән беретін жылы лебіздерін жеткізді.

Жылы сөздері үшін алғыс білдіріп, Нұрлан Ноғаевты жауапты лауазымға тағайындалуымен құттықтап, Түрікменстанның басшысы Қазақстан Республикасының жоғары басшылығына ізгі тілектерін жеткізді. Атап өтілгендей, бүгінде екі мемлекет арасындағы достық және тату көршілік байланыстар ұзақ мерзімді және стратегиялық сипатқа ие.

Содан кейін екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен болашағы туралы мүдделі пікір алмасу болды. Президент Сердар Бердымухамедов пен Елші Нұрлан Ноғаев мәдени және тарихи құндылықтардың ортақтығына сүйене отырып, Қазақстан мен Түрікменстан қазіргі заманда мемлекетаралық әріптестіктің үлгісі болып табылатын өзара іс-қимылдың берік іргетасын қалыптастырғанын қанағаттанушылықпен атап өтті.

Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы, сондай-ақ ТМД кеңістігі сияқты беделді халықаралық және өңірлік құрылымдар шеңберінде екі ел арасындағы ынтымақтастықтың оң сипатына ерекше назар аударылды. Осыған байланысты өңірлік тетіктер платформасында күш-жігерді үйлестірудің, атап айтқанда, Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуінің және "Орталық Азия плюс" форматындағы жаңа ынтымақтастықтың табыстылығы атап өтілді.

Сауда-экономикалық қатынастарды талқылау барысында Сердар Бердымухамедов Түрікменстанның осы бағыттағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға мүдделілігін растады. Перспективалы векторлар қатарында энергетика мен көлікті белгілей отырып, Түрікменстанның Президенті мен Қазақстанның Елшісі екі елдің табиғи ресурстарының орасан зор қоры мен қолайлы географиялық ерекшеліктері осы салаларда өзара тиімді жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады деген бірауыздан пікір білдірді.

Әңгіме барысында мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтудың маңыздылығына баса назар аударылды. Осы тұрғыда Түрікменстанның басшысы Түрікменстан биыл ұлы ойшыл және ақын Махтумкули Фрагиның туғанына 300 жыл толуын кеңінен атап өтетінін атап өтті.

Сондай-ақ, жақында Ашғабатта ашылған "Махтумкули Фраги" мәдени-саябақ кешенінде белгілі қазақстандық композитор және музыкант Құрманғазы Сағырбайұлына мүсін орнатылғаны атап өтілді.

Кездесуде сондай-ақ осы саладағы қарқынды дамып келе жатқан қарым-қатынастардың көрсеткіштерінің бірі үнемі ұйымдастырылатын бірлескен шығармашылық форумдар болып табылатындығы атап өтілді. Атап айтқанда, биылғы жылдың 25-27 маусымында Қазақстанда Түрікменстанның мәдениет күндері сәтті өтті, ал 4 шілдеде Түрікмен халқының ұлттық көшбасшысы, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердымухамедовтың Астанаға сапары аясында түрікмен ақыны-ойшылы Махтумкули Фрагинің ескерткіші салтанатты түрде ашылды. Мұның бәрі біздің халықтарымыз арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты арттыруға деген ортақ ұмтылыстың көрнекі дәлелі болып табылады, деп атап өтті Президент Сердар Бердымухамедов.

Нұрлан Ноғаев Түрікменстандағы Қазақстанның дипломатиялық миссиясының басшысы ретінде жеке кездесу мүмкіндігі мен жұмысында табыс тілегені үшін тағы да ризашылығын білдіріп, Түрікменстанның басшысын дәстүрлі достық қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға және жемісті ынтымақтастықты жан-жақты кеңейтуге ықпал ететініне сендірді.

Кездесу соңында Қазақстан Елшісі Нұрлан Ноғаев Ашғабат қаласының орталығындағы Түрікменстан Тәуелсіздігі монументіне гүл шоқтарын қойды.