Түрікменстан Сыртқы істер Министрінің Қазақстан Республикасының Елшісімен кездесуі

Түрікменстан Сыртқы істер Министрінің Қазақстан Республикасының Елшісімен кездесуі

2024 жылғы 25 маусымда Түрікменстанның Сыртқы істер министрі Рашид Мередов елдегі дипломатиялық миссиясын аяқтап жатқан Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Тәжібаевпен кездесті.

Әңгіме барысында саяси-дипломатиялық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық сипаттағы басым бағыттар бойынша түрікмен-қазақстан ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары мәселелері қозғалды.

Кездесу соңында сыртқы саяси ведомствосының басшысы Елшіге екіжақты Түрікмен-Қазақстан қатынастарын нығайту ісіне қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, одан әрі қызметіне табыс тіледі.

Өз кезегінде Елші Түрікменстандағы дипломатиялық миссиясын жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсеткені және жәрдемдескені үшін түрікмен тарапына шын жүректен ризашылығын білдірді.