Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының бесінші отырысы бойынша коммюнике

Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының бесінші отырысы бойынша коммюнике

Мәскеу, 2022 жылғы 13-15 желтоқсан – Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының (ЖДЖТ) бесінші отырысы өтті. 

Келіссөздерге Әзербайжан Республикасы (басшы – Х.А. Халафов), Иран Ислам Республикасы (басшы – М. Баримани), Қазақстан Республикасы (басшы – З.А. Аманжолова), Ресей Федерациясы (басшы – М.И. Петраков) мен Түрікменстан (басшы – М.Г. Атаджанов) делегациялары қатысты. 

Отырысқа ресей делегациясының басшысы М.И. Петраков төрағалық етті. 

Тараптар Каспий теңізінде бастапқы тік сызықтарды белгілеу әдістемесі туралы келісім жобасын талқылауды жалғастырды. Каспийдегі ынтымақтастыққа шолу жасалды. 

Делегациялар Ресей Федерациясына кездесуді жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін ризашылықтарын білдірді. 

ЖДЖТ-ның келесі отырысы Түрікменстанда өтеді.