Қазақстан делегациясы Халықаралық бейтараптық күніне арналған іс-шараларға қатысты

Қазақстан делегациясы Халықаралық бейтараптық күніне арналған іс-шараларға қатысты

Ашғабат, 2022 жылғы 10-12 желтоқсан – Қазақстан Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Балаим Кесебаева бастаған қазақстандық делегация Түрікменстанның астанасында өткен Халықаралық бейтараптық күніне (жыл сайын 12 желтоқсанда атап өтіледі) арналған бірқатар салтанатты іс-шараларға қатысты. Б. Кесебаева «Диалог – бейбітшілік кепілі» халықаралық конференциясында сөз сөйлеп, оның барысында Түрікменстан Үкіметін бауырлас мемлекеттің бейтарап мәртебесінің 27 жылдығымен құттықтады, сондай-ақ 2017 жылғы ақпанда БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен 12 желтоқсанды Халықаралық бейтараптық күні деп жариялау жөніндегі Түркіменстанның табысты бастамасын атап өтті. Бұған қоса, қазақстандық парламентарий 2023 жылы төрағалық ету Қазақстанға өтетін Орталық Азия елдерінің әйелдері диалогының жыл сайынғы отырысына қатысты.

Сонымен қатар, Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің делегациясы Түрікменстан үкіметінің қолдауымен БҰҰ Орталық Азия үшін превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталығы (ОАПДӨО) ұйымдастырған Орталық Азия мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлері орынбасарларының 12-ші жыл сайынғы кездесуіне қатысты. Іс-шара барысында қазақстандық делегация еліміздің өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне қосқан зор үлесін назар аударып, Орталық Азия өңіріндегі көптеген жасампаз үдерістерді жалғастырудың маңыздылығына атап өтті. Осылайша, осы тұрғыда Қазақстан бастамашылық еткен «ХХІ ғасырда Орталық Азияны дамыту мақсатында достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шарттың» маңыздылығы атап өтілді.

Аталған кездесу аясында үкіметтер мен Орталық Азия жастары арасында төртінші диалог өтті. Өңірдің барлық бес елінің атынан өкілдік ететін ОАПДӨО превентивті дипломатия академиясының он қатысушысы, оның ішінде екі қазақстандық студент өңірдің болашағы туралы өз көзқарастарымен бөлісті.

Сондай-ақ, қазақстандық делегация 20-дан астам елден тұратын, оның ішінде Қазақстан қатысатын Бейбітшілік, қауіпсіздік және орнықты даму жолындағы бейтараптық достары тобының бірінші министрлік кездесуіне қатысты. Бұл бейресми топ 2020 жылдың қыркүйегінде Нью-Йоркте Түрікменстанның бастамасымен халықаралық диалог пен көпжақтылықты нығайту бойынша пікір алмасу және пікірталастарды қамтамасыз ету мақсатында құрылды.

Жоғарыда аталған барлық іс-шаралар бейтараптыққа арналған халықаралық апталықты мерекелеу аясында өтті.