Қазақстан СІМ-де А. Байтұрсынұлы атындағы кабинет ашылды

Қазақстан СІМ-де А. Байтұрсынұлы атындағы кабинет ашылды

Астана, 2022 жылғы 9 желтоқсан - Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мемлекеттік тіл кабинеті ашылды.

Кабинеттің ашылу салтанатын ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров өткізіп, рәсімге Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Қ. Омаров бұл іс-шара мемлекет қайраткері, ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында өткізіліп отырғанын баса айтты.          «А.Байтұрсынұлы алғаш рет араб графикасы негізінде қазақ әліпбиін жасап, осының арқасында қазақ тілі іс-қағаздарын жүргізу тіліне, одан әрі ғылым тіліне айналды» - деді, ол.

Айта кету керек, Ахмет Байтұрсынұлы қазақ ауыз әдебиетінің дамуына көп еңбек сіңіріп, халық ауыз әдебиеті шығармашылығы мен ән-күй еңбектерінің үлгілерін жинақтады. Ол қазақ әдебиет тану ғылымының негізін салушы ретінде «Әдебиеттанытқыш», «Мәдениет тарихы» сияқты кітаптар жазды.