Түрікменстанның жетекші БАҚ редакторлары Қазақстан Президентінің халыққа жолдауын талқылады

Түрікменстанның жетекші БАҚ редакторлары Қазақстан Президентінің халыққа жолдауын талқылады

Ашғабат, 2021 жылғы 21 қыркүйек – Бүгін Қазақстан Елшісі Еркебұлан Сәпиев Түрікменстанның жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторларымен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаларын талқылады.

Кездесу барысында Е.Сәпиев Мемлекет басшысының бастамалары туралы егжей-тегжейлі баяндады. Атап айтқанда, пандемиядан кейін кезеңдегі елдің экономикалық дамуы, денсаулық сақтау және білім беру салаларын жетілдіру, саяси жаңғыру, адам құқықтарын қорғау және басқалар бойынша Қазақстан басшылығының көзқарасы кеңінен айтылды.

Қазіргі жағдайдағы елдегі экономикалық реформалар, сондай-ақ пандемиядан кейін Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын сақтауға бағытталған қадамдар ерекше қызығушылық тудырды.

Сонымен қатар, түрікмен БАҚ басшылары елдің қоғамдық-саяси өмірінде болып жатқан оқиғалар туралы хабардар болды. Сұхбаттасушылар Қазақстан Республикасының Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесінде төрағалығы, Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30-жылдығы, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібіндегі келешек оқиғаларды талқылады.