АӨСШК Арнайы жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

АӨСШК Арнайы жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

Нұр-Сұлтан, 2021 жылғы 14-15 қыркүйек – ҚР Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі – Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші Талғат Қалиевтың төрағалығымен бейнеконференция форматында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) Арнайы жұмыс тобының (АЖТ) отырыстары өтті.

АЖТ отырыстарында АӨСШК Сыртқы істер министрлерінің 6-шы кездесуі декларациясының, Сенім шараларының жаңартылған каталогының, АӨСШК Талдау орталықтарының форумы туралы ереженің, АӨСШК Рәсім туралы ережеге түзетулер енгізу жобалары және басқа да мәселелер талқыланды.

Қатысушылар АӨСШК Аға лауазымды тұлғалар комитетінің (АЛТК) бекітуіне ұсынылатын АӨСШК Рәсім туралы ережеге түзетулерді енгізуді келістірді.