Қазақстан БҰҰ-ның Ауғанстандағы гуманитарлық ахуал жөніндегі халықаралық конференциясына қатысты

Қазақстан БҰҰ-ның Ауғанстандағы гуманитарлық ахуал жөніндегі халықаралық конференциясына қатысты

Нұр-Сұлтан – Женева, 2021 жылдың 13 қыркүйегі – Қазақстан Президентінің Ауғанстан бойынша Арнайы өкілі Талғат Қалиев бейнебайланыс арқылы Ауғанстандағы гуманитарлық ахуалға арналған халықаралық конференцияға қатысты.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш ашқан іс-шара шеңберінде Ауғанстанға көмек көрсетудің донор мемлекеттер мен халықаралық құрылымдар аталған мақсатқа бөлетін қаржы ресурстары туралы мәлімдеді.

Өз сөзінде Т. Қалиев Қазақстан Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандыру бойынша халықаралық күш-жігерді қолдайуын растап, еліміздің БҰҰ қамқорлығымен халықаралық гуманитарлық көмекті қауіпсіз және бірлескен түрде Ауғанстанға жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Алматыда халықаралық гуманитарлық логистикалық хабты құру туралы бастамасын ерекше атап өтті.