Қазақстан мен Түрікменстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Түрікменстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 2 шілдесі - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары - Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен телефон арқылы сөйлесті.

Тараптар стратегиялық әріптестік рухында қазақ-түрікмен ынтымақтастығын одан әрі нығайтудың өзекті мәселелерін, сондай-ақ жоғары және аса жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын талқылады.

Осы тұрғыда халықаралық іс-шаралар кестесіне, оның ішінде Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуіне және VI Каспий саммитіне ерекше назар аударылды. АӨСШК және ТМЫК сияқты халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.