Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылған реформалар саяси жүйенің сапалы өзгерістеріне алып келеді және ұзақ мерзімді сипатқа ие

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылған реформалар саяси жүйенің сапалы өзгерістеріне алып келеді және ұзақ мерзімді сипатқа ие

Ашхабад Нұр-Сұлтан, 2021 жылғы 2 шілде Қазақстан Елшісі Еркебұлан Сәпиев Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың өкілдері үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың брифингіне онлайн қатысты. Шетелдегі қазақстандық дипломатиялық миссияларының басшылары іс-шараға бейнеконференцбайланыс арқылы қосылды.

Кездесу барысында Қазақстан Сенатының спикері Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының адам құқығы саласындағы одан әрі шаралары туралы» Жарлыққа қол қойғанын еске салды. Бұл Жарлыққа сәйкес алдағы уақытта өте маңызды заңдар қабылданатын болады. Атап айтқанда, мүгедектердің құқықтарын қорғау саласында, әйелдерге қатысты кемсітушіліктің кез-келген нысандарын болдырмау тетіктерін құру, қылмыстық әділет саласындағы азаматтардың құқықтарын қорғау, азаптау мен қатыгез қарым-қатынастың алдын алу тетіктері. Сондай-ақ, сот және құқық қорғау жүйесін жаңғыртуға және сыбайлас жемқорлықты жоюға ерекше назар аударылатын болады.

М.Әшімбаевтың айтуынша, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылған реформалар саяси жүйенің сапалық өзгерістеріне алып келеді және ұзақ мерзімді сипатқа ие. Сондай-ақ, ол Сенаттың халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және жаңғыру реформалары саласындағы тәжірибе алмасуға қызығушылығын атап өтті.