Түркі кеңесінің Бас хатшысы Түрікменстан Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрімен кездесті

Түркі кеңесінің Бас хатшысы Түрікменстан Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрімен кездесті

Ашғабат, 2021 жылғы 28 маусым – Бүгін Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев Түрікменстан Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездесті.

Бас хатшы бауырлас Түрікменстан басшылығының мейірімді шақыруы үшін және Түркі кеңесінің делегациясына көрсеткен жылы қонақжайлылығы үшін ризашылығын білдірді. Ол Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің Түрікменстанмен екіжақты қатынастарының өнімділігіне Ұйымның қанағаттанғандығын растады.

Б.Әміреев Сыртқы істер министрін 2021 жылы қарашада Ыстанбұлда өтуі жоспарланған Түркі кеңесінің 8-ші Саммитіне дайындық туралы, сондай-ақ Түркі әлеміндегі қатынастарды ұйымдастыру және трансформациялау шеңберіндегі ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне көшуді белгілейтін Саммиттің маңызды шешімдері туралы хабардар етті. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Бас хатшы жоғары мәртебелі Гурбангулы Бердымухамедовтің осы маңызды Саммитке қатысуы түркі әлемінің бірлігін көрсететінін айтты.

Министр Р.Мередов 2021 жылы 31 наурызда Түркістандағы Саммит кезінде Түрікменстан Президенті көтерген мәселелерге тоқтап, Түрікменстан әсіресе тұрақтылық пен аймақтағы және одан тыс жерлердегі қауіпсіздік мәселелері шеңберінде (оның ішінде энергетикалық және экологиялық қауіпсіздік) Түркі кеңесі аясында серіктестікті дамытуды қолдайтынын айтты.

Сондай-ақ Министр Түрікменстанның тұрақты даму тұрғысынан көлік және коммуникация саласындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін Түркі кеңесінің әлеуетін пайдалану мүмкіндігіне оң бағасын растады.

Бас хатшы Б.Әміреев Сыртқы істер министрі Р.Мередовпен Түркі кеңесінің экономика, сауда, көлік, энергетика, туризм, сондай-ақ жастар мен спорт салаларындағы қазіргі бастамаларына, атап айтқанда Түркі инвестициялық қоры, Түркі сауда-өнеркәсіптік палатасы, Бауырлас порттар бастамасы, Транскаспий дәлізін неғұрлым функционалды және өміршеңге айналдыру бойынша жұмысына егжей-тегжейлі шолу жасады.

Сонымен қатар, тараптар Түрікменстанның Түркі кеңесіне ерекше мәртебемен қосылу келешегін талқылады.