Қазақстан мен Түрікменстан екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Түрікменстан екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда

Нұр-Сұлтан – Ашғабат, 2021 жылғы 18 ақпан – Бейнеконференция режимінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Түрікменстан Министрлер кабинеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов деңгейінде СІМ-аралық консультациялар өтті.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың, атап айтқанда сауда-экономикалық, транзиттік-көліктік және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзекті мәселелерді талқылады. Жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесі қарастырылды.

Өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл жөнінде пікір алмасылды. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесулері форматындағы диалогты дамытуға ерекше назар аударылды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Түрікменстан Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды.