Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан 2020 жылғы 11 мамырдан бастап карантиндік шектеулер кезеңіндегі өту тәртібі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан 2020 жылғы 11 мамырдан бастап карантиндік шектеулер кезеңіндегі өту тәртібі

1. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өту шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға уақытша шектеулер енгізіледі, келесі адамдарды қоспағанда:
1) шет мемлекеттердің дипломатиялық қызмет персоналы мен олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, олардың ата-аналары мен балалары);
2) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруымен Қазақстанға жіберілген ресми делегация және халықаралық ұйымдардың делегация мүшелері;
3) Қазақстан Республикасында аккедиттелген халықаралық ұйымдардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, олардың ата-аналары мен балалары);
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы «С10», «В8» санатындағы визасы және қазақ ұлтына тиесілігі туралы белгісі бар жеке басын куәландыратын құжаттары (паспорт, жеке куәлік, туу туралы куәлігі және т.б. нотариалды куәландырылған аудармасымен бірге) бар этникалық қазақтар және олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, ата – аналары мен балалары);
5) поезд және локомотивтік бригадаларының, әуе және теңіз кемелері экипаждарының мүшелері және темір жол тасымалдау процестеріне, жүктерді және халықаралық қатынаста жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын поездарды қабылдау, тапсыру және алып жүру операцияларына қатысатындар;
6) қазақстандық әуекомпаниялардың қызметкерлері (мәртебесін растаған жағдайда) және олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, ата-аналары мен балалары);
7) Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік трансшекаралық құрылыстарда және шектес мемлекеттердің аумағындағы қазақстандық трансшекаралық құрылыстарда қызметтік міндеттерін атқаратын және куәландырылған атаулы тізімінде бар персоналдар;
8) Қазақстан Республикасынан жалға алынған аумақтарда орналасқан әскери құралымдар, өнеркәсіп бөлімшелері мен кәсіпорындардың құрамына кіретін Ресей Федерациясының азаматтары және олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, олардың ата-аналары және балалары), сондай-ақ әскери құралымдарға (бөлімшеге, өнеркәсіп кәсіпорынға) тиесілігі мен туыстық байланыстары расталған және Ресей Федерациясының уәкілетті мемлекеттік органдары мен ұйымдары берген жол жүру сертификаттары бар болған кезде, осы әскери бөлімдерге, бөлімшелер мен өнеркәсіптік кәсіпорындарына жіберілген Ресей Федерациясының азаматтары;
9) «Байқоңыр» кешені мен Байқоңыр қаласының аумағына баратын– «Байқоңыр» кешенінде жұмыс істейтін, сондай-ақ Байқоңыр қаласында тұрақты немесе уақытша тіркелген мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың жұмыстың/қызметтің жарамдылығын растайтын құжатын/құжаттарын міндетті түрде ұсынатын Ресей Федерациясының азаматтары мен олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, олардың ата-аналары және балалары);
10) шет мемлекеттердің Үкіметаралық фельдъегерлік байланыс қызметкерлері, мәртебесі расталған кезде;
11) бұрын шет мемлекетке шығып кеткен Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ адамның куәлігімен құжаттаған азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасына қайтып оралған кезде;
12) жедел әдістермен емделуге ғана келетін (еріп келетіндер екі ересек адамнан аспайтын), Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардан (Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тізім негізінде) жазбаша шақыруы барлар;
13) шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің өтініші бойынша, сондай-ақ осы дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің келісілген көмегімен өз азаматтарын еліне одан әрі ұшып шығу немесе автомобиль өткізу пункттері арқылы кету үшін Қазақстан Республикасына әуе өткізу пункттері арқылы келетіндер;
14) туыстығын растайтын құжаттары болған кезде отбасы мүшелері мен жақын туыстарын (жұбайы (зайыбы), ата-аналары (ата-анасы), балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері) жерлеуге бара жатқандар, сондай-ақ қайтыс болған отбасы мүшелері мен жақын туыстарының мәйітін (мәйітін) жерлеу орнына бірге келетіндер;
15) емдеу орнынан ауыр науқастығын растайтын құжаттары болған кезде ауыр науқастанған отбасы мүшелерін және жақын туыстарын күтіп-бағу үшін келетіндер (жұбайы (зайыбы), ата-аналары (ата-анасы), балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері) және олардың кәмелетке толмаған балалары;
16) Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты барлар және олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, олардың ата-аналары мен балалары) – 30 тәулік ішінде 1 реттен артық емес;
17) Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатындар - туыстық байланыстар фактісі расталған жағдайда (жұбайы, зайыбы, ата – аналары мен балалары) және олардың кәмелетке толмаған балалары - 30 тәулік ішінде 1 реттен артық емес;
18) Қазақстан Республикасы аумағындағы оқу орындарында білім алып жүргендер (оқушылар, студенттер, тыңдаушылар, курсанттар), сондай-ақ олар оқу визаларын ұзарту, студенттік ID-карталарды ресімдеу, қазақстандық оқу орындарының шақырулары болған кезде емтихандар (тестілер) тапсыру үшін Қазақстан Республикасына келген жағдайда. Осы тармақшада көрсетілген мақсаттар бойынша келетін шетелдік азамат кәмелетке толмаған болса, оны ата-аналарының (қорғаншыларының немесе қамқоршыларының) алып келуге рұқсат етіледі;
19) осы тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат берілген, адамдарды тасымалдауды және эвакуациялық рейстерді жүзеге асыратын жүргізушілер;
20) әрбір жеке жағдай үшін Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары төрағалығымен арнайы құрылған Ведомствоаралық комиссия бекітетін тізімге сәйкес әлеуметтік маңызы бар компаниялардың қызметкерлері (мамандары);
21) Қазақстан Республикасының аумағында орындалатын - ауыл шаруашылық қызметін жүзеге асыруды растайтын құжаттарды ұсынған кезде (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен құжаттардың тізбесі мен үлгілеріне сәйкес), сондай-ақ келісімшарттар шеңберінде автомобиль және арнайы көлік берумен айналысатын, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін, тиісті санаттағы жүргізуші куәліктері бар және ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын жүк иелері болған кезде халықаралық жүк тасымалдайтын (бір жүк көлігінде 2 жүргізушіден аспайтын) жүргізушілер;
22) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының шешімі және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің тиісті хаты негізінде - экстрадициялау тәртібімен берілетін шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар мен Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан іздестірілуде жүргендер және сотталғандар, сондай-ақ оларды қабылдап алуды – беруді жүзеге асыратын айдау мекемесінің қызметкерлері;
23) теңіз (өзен) кемелерінің экипаж құрамына қатысы және мәртебесін дәлелдейтін тиісті құжаттары бар болған жағдайда, Қазақстан Республикасына теңіз кемелерінің экипажынан тыс аусымға баратындар;
24) Қазақстан Республикасының мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының шақыруымен медициналық жәрдем көрсету мақсатында, сондай-ақ шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың гуманитарлық көмегі шеңберінде Қазақстанға келетін медициналық персонал.
2. Қазақстан Республикасының азаматтарына 30 тәулікте 1 реттен артық емес мерзімде мемлекеттік шекарадан өтуге рұқсат берілсін. Сондай-ақ, аталған мерзім келесі Қазақстан Республикасы азаматтарына қолданылмайды:
1) еліміздің дипломатиялық қызметінің персоналы мен олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, олардың ата-аналары мен балалары);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметімен келісілген және шет мемлекеттердің шақыруымен баратын Қазақстан Республикасының ресми делегация мүшелері;
3) қызметкер ретінде және олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, олардың ата-аналары мен балалары) мәртебесі расталған кезде - шет мемлекеттердің аумағында орналасқан Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдардың қызметкерлері;
4) Қазақстан Республикасының үкіметаралық фельдъегерлік байланыс қызметкерлері, мәртебесі расталған кезде;
5) поезд және локомотивтік бригадаларының, әуе және теңіз кемелері экипаждарының мүшелері және темір жол тасымалдау процестеріне, жүктерді және халықаралық қатынаста жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын поездарды қабылдау, тапсыру және алып жүру операцияларына қатысатындар;
6) Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік трансшекаралық құрылыстарда және шектес мемлекеттердің аумағындағы қазақстандық трансшекаралық құрылыстарда қызметтік міндеттерін атқаратын және куәландырылған атаулы тізімінде бар персоналдар;
7) Денсаулық сақтау мекемелерінің растайтын құжаттарын көрсете отырып, шетелге емделуге баратындар (еріп баратындар екі ересек адамнан аспайтын), келесі құжаттары болған кезде:
- «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 026/у нысанына сәйкес диагнозды және емдеу жеделдігін растау үшін аумақтық амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы»,
- нотариалды куәландырылған аудармасы бар шетелдік медициналық ұйымнан емделуге шақыру-хат;
8) туыстығын растайтын құжаттары болған кезде отбасы мүшелері мен жақын туыстарын (жұбайы (зайыбы), ата-аналары (ата-анасы), балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері) жерлеуге бара жатқандар, сондай-ақ қайтыс болған отбасы мүшелері мен жақын туыстарының мәйітін (мәйітін) жерлеу орнына бірге келетіндер;
9) емдеу орнынан ауыр науқастығын растайтын құжаттары болған кезде ауыр науқастанған отбасы мүшелерін және жақын туыстарын күтіп-бағу үшін келетіндер (жұбайы (зайыбы), ата-аналары (ата-анасы), балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері) және олардың кәмелетке толмаған балалары;
10) шет мемлекеттердің аумағындағы оқу орындарында оқитындар, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан студенттік визаларын ұзарту, студенттік ID-карталарын ресімдеу, емтихандарды (тесттерді) тапсыру үшін шығатындар - шетелдік білім беру мекемесінің шақыруы болған жағдайда. Осы тармақшада көрсетілген мақсаттар бойынша келетін шетелдік азамат кәмелетке толмаған болса, оны ата-аналарының (қорғаншыларының немесе қамқоршыларының) алып келуге рұқсат етіледі;
11) еңбек шарты, келісімшарт, еңбек ету рұқсаты немесе қабылдайтын мекемеден еңбек қызметін жүзеге асыруға өзге де растайтын құжаттар немесе олардың көшірмелерін, сондай-ақ аталған мақсаттарда шет мемлекетке кіру құқығына рұқсаты бар еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында шетелге шығатындар;
12) осы тәртіпке сәйкес адамдарды тасымалдауды және эвакуациялық рейстерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат етілген жүргізушілер;
13) Қазақстан Республикасының аумағында орындалатын - ауыл шаруашылық қызметін жүзеге асыруды растайтын құжаттарды ұсынған кезде (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен құжаттардың тізбесі мен үлгілеріне сәйкес), сондай-ақ келісімшарттар шеңберінде автомобиль және арнайы көлік берумен айналысатын, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін, тиісті санаттағы жүргізуші куәліктері бар және ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын жүк иелері болған кезде халықаралық жүк тасымалдайтын (бір жүк көлігінде 2 жүргізушіден аспайтын) жүргізушілер;
14) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының шешімі және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің тиісті хаты негізінде - экстрадициялау тәртібімен берілетін шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар мен Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан іздестірілуде жүргендер және сотталғандар, сондай-ақ оларды қабылдап алуды – беруді жүзеге асыратын айдау мекемесінің қызметкерлері;
15) теңіз (өзен) кемелерінің экипаж құрамына қатысы және мәртебесін дәлелдейтін тиісті құжаттары бар болған жағдайда, теңіз кемелерінің қызметкерлері;
16) Қазақстан Республикасынан басқа мемлекетке тұрақты тұруға шығатында және/немесе көш-қон визалары барлар;
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тікелей (тұрақты, тұрақты емес чартерлік рейстер) әуе қатынасы қайта орнатылған шет мемлекеттерге Қазақстан Республикасы азаматтарының шығуларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасына тікелей (тұрақты, тұрақты емес чартерлік рейстер) әуе қатынасы қайта орнатылған мемлекеттердің азаматтарына - визалық талаптарды сақтай отырып, егерде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше тәртіп қарастырылмаған болса - Қазақстан Республикасына кіруге/транзитпен өтуге рұқсат берілсін.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өту және Қазақстан Республикасының аумағында болу үшін мемлекеттік органдардың рұқсаттарын белгіленген тәртіппен ресімдеген жағдайда мүдделі мемлекеттік органдарға «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру науқандары және ғарышкерлер қонатын жерден, ұшырылған ғарыш объектілерін іздестіру және эвакуациялау үшін іс-шаралар шеңберінде іске қосылған әуе кемелерін және жер үсті техникасын шекара арқылы өткізуді жүзеге асыруға рұқсат берілсін.
5. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен келісім бойынша (жұмыс тәртібінде) шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметтері ресми өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасы арқылы транзиттік жол жүрудің мүмкіндігін анықтауға рұқсат берілсін.
6. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне, Ішкі істер министрлігіне, Денсаулық сақтау министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен келісу бойынша (жұмыс тәртібінде) Қазақстан Республикасында аккредитацияланған шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері ресми өтініш жасаған кезде шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілдіктердің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің, сондай-ақ шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілдіктері шақыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағына кіру/шығу мүмкіндігін анықтауға рұқсат берілсін.
7. Қазақстандық өткізу пункттерінде орналасқан көліктік логистикалық орталықтарына баратын халықаралық жүк тасымалдаушы жүргізуші – Қытай Халық Республикасы азаматтарына 24-сағаттық визасыз кіріп-шығуға рұқсат берілсін.
8. Ақтау және Құрық теңіз порттарында осы тәртіпке сәйкес мемлекеттік шекараны өтуге рұқсат етілген адамдарды, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өздерінің азаматы болып табылатын елге шығуды қоспағанда, жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынсын. Жүктерді теңіз порттары арқылы ауыстырып тиеу қатаң түрде санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып жүзеге асырылуы тиіс. Экипаждың кемелерден шығуына тыйым салынады.