Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне сайлау туралы брифинг

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне сайлау туралы брифинг

Ашғабат, 2020 жылғы 25 желтоқсан – Бүгін Қазақстан Елшісі Еркебұлан Сәпиевтің Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне 2021 жылдың 10 қаңтарына жоспарланған сайлауы туралы медиабрифингі өтті.

Іс-шараға Ашхабадта аккредиттелінген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Түрікменстанның бұқаралық ақпарат құралдарының және шетелдік агенттіктерінің өкілдері қатысты.

Брифинг барысында Е.Сәпиев Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі туралы, Парламенттің құрылымы мен қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып, еліміздің төменгі заң шығарушы органы – Мәжіліс сайлауына толығырақ тоқтады.

Қатысушыларға Қазақстанда жүзеге асырылған соңғы саяси реформалар туралы толық ақпарат берілді. Атап айтқанда, саяси партияларды тіркеу шегін екі есеге азайту, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңға түзетулер енгізу, парламенттік оппозиция институтын енгізу, 29 жасқа дейінгі әйелдер мен жастарды саяси партиялардан үміткерлер тізіміне міндетті қосу.

Сонымен қатар, Қазақстан Елшісі осы уақытқа дейін тіркелген 14 елдің және 4 халықаралық ұйымдардың байқаушылар миссиялары туралы атап өтті. Шетелде жұмыс істейтін сайлау учаскелері туралы ақпарат та жарияланды. Атап айтқанда, Қазақстан азаматтары 2021 жылғы 10 қаңтарда сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің жанында ашылатын №266 сайлау учаскесінде дауыс бере алатыны айтылды.