Абай мен Әл-Фараби мұрасы – бүкіл әлемнің игілігі де мақтанышы

Абай мен Әл-Фараби мұрасы – бүкіл әлемнің игілігі де мақтанышы

Ашғабат – Нұр-Сұлтан – Баку, 2020 жылғы 21 желтоқсан – Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбаевтың 175-жылдығы мен көрнекті түркі ғалымы, философ Әбу Наср Әл-Фарабидің 1150-жылдығына орай Елшілік Халықаралық Түркі академиясы, Қазақстан және Әзербайжан ғалымдарының қатысуымен онлайн-«дөңгелек үстел» ұйымдастырды. Іс-шараға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, ф.ғ.д. Жақыпбек Алтай, ҚазҰУ Философия кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Әсет Құранбек, Баку мемлекеттік университетінің Түркітану кафедрасының доценті, БМУ жанындағы Абай орталығының жетекшісі Фатима Дурсунова, Халықаралық Түркі академиясының бас сарапшысы Ақеділ Тойышанұлы қатысты.

«Дөңгелек үстелдің» қатысушылары Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы, оның түрлі ғылым саласындағы әмбебап білімін, түркі халықтарының ғана емес, бүкіл әлемнің игілігіне айналған «Аристотельден кейінгі екінші мұғалімнің» идеялары мен мұрасын егжей-тегжей талқылады.

Іс-шара барысында сондай-ақ Абай Құнанбаевтың қазақ мәдениеті мен философиясының дамуындағы ерекше рөлі туралы кеңінен айтылды, ұлы қазақ классигінің шығармашылық жолы, олардың алуан түрлілігі талқыланды.

Түрікменстандағы қазақ диаспорасы атынан сөйлеген Сандуғаш Бөлтекова өз баяндамасында екі ұлы философтың мұрасын Түрікменстанда кеңінен насихаттау жұмысына диаспора тарапынан қолдау білдірді. Түрікменстанда тұратын барлық қандастарымыздың атынан қазақстандықтарға Абайдың бейнесі бар қолдан жасалған түрікмен кілемшене ұсынылды.