Түрікменстан бейтараптылығының 25 жылдығына арналған іс-шаралар

Түрікменстан бейтараптылығының 25 жылдығына арналған іс-шаралар

АШҒАБАТ, 2020 жылғы 12 желтоқсан – Қазақстан Елшісі Еркебұлан Сәпиев Түркіменстанның Бейтараптылық күніне арналған мерекелік іс-шараларға қатысты.

12 желтоқсанда Ашхабадта Түркіменстан тұрақты бейтараптылық мәртебесін алғанының 25-жылдығына арналған «Бейтараптылық саясаты және оның халықаралық бейбітшілікті, қауіпсіздікті және тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі маңызы» атты халықаралық конференциясы өтті. Конференцияға Түркіменстан Президенті Г.Бердымухамедов, Үкімет мүшелері, министрліктер мен ведомстволардың, әскери және құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың және елдің бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, Ашхабадта аккредиттелінген дипломатиялық корпустың басшылары қатысты.

Халықаралық конференцияның алдында Сауда-өнеркәсіп палатасының экспо орталығында ел жетістіктеріне арналғңан 12-күндік көрмесі өтті. Көрме аясында бірқатар іскерлік шаралар мен презентациялар ұйымдастырылды. Оның аясында отандық министрліктер мен басқа мекемелердің басшылары және профильдік шетелдік құрылымдар мен компаниялардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері арасында бірқатар құжаттарға қол қою рәсімдері өтті.

1995 жылы 12 желтоқсанда қабылданған БҰҰ Бас Ассамблеясының Резолюциясына сәйкес Түркіменстан тұрақты бейтараптылық мәртебесіне ие болды.