Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшілігі мен Маңғыстау облысы әкімшілігінің Түрікменстанның Балкан уәлаятындағы мәдени ынтымақтастық іс-шаралары

Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшілігі мен Маңғыстау облысы әкімшілігінің Түрікменстанның Балкан уәлаятындағы мәдени ынтымақтастық іс-шаралары

2025 жылдың 19–20 қарашасы аралығында Түрікменстанның Балкан уәлаятында Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысының әкімдігі мен Түрікменстанның Балкан уәлаяты әкімдігі арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі 2025 жылға арналған Жоспар аясында бірқатар мәдени іс-шаралар табысты өтті. Жоспарға сәйкес Маңғыстау облысының мәдениет мекемелерінің өкілдері Балканабад және Түркменбашы қалаларына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында қазақстандық делегация түрікмен әріптестерімен мәдени байланыстарды нығайту мақсатында кездесулер өткізді. Тараптар бірлескен концерттік бағдарламалар, шығармашылық ұжымдардың гастрольдері, көрме жобалары және басқа да мәдени бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. Іс-шаралар екі өңірдің шығармашылық ұйымдары арасында тәжірибе алмасуға және жаңа мәдени жобаларды іске асыруға мүмкіндік берді.

Іс-шараларды дайындау мен өткізуге Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшісі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев тікелей қатысып, келіссөздердің нәтижелі өтуін қамтамасыз етті және екіжақты мәдени ынтымақтастықты нығайтты.

Өткізілген іс-шаралар Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы дәстүрлі достық пен тату көршілік қарым-қатынасты нығайтып, өңіраралық мәдени әріптестікті дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.