Меню
Страницы
Байланыс ақпарат
Елшілік туралы
Консулдық мәселелер
Екіжақты ынтымақтастық
Все материалы
21 февраля 2026
Қазақ тілін үйрену

Құрметті отандастар!

 

«Отандастар қоры» КеАҚ қазақ тілін насихаттауды жалғастыра отырып, 2026 жылдың наурыз айынан бастап қазақ тілін үйрету бойынша тегін онлайн курстардың жаңа легін бастайды!

Тіл – ұлттың айнасы ғана емес, сіздің өз тарихыңызды терең түсінуге мүмкіндік береді. Бұл курс сіздің мәдени және тілдік деңгейіңізді кеңейтуге көмектеседі.

 

Курсқа қатысушыларға қойылатын талаптары:

– Шетелдегі этникалық қазақтар, бұрынғы отандастар, шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматы болуы шарт;

– Жас ерекшелігі маңызды емес;

– Қазақ тілін үйренуге және дамытуға қызығушылығы болуы;

– Онлайн сабақтарға тұрақты түрде қатысуы;

– Негізгі құрал-жабдықтар: интернетке қосылған компьютер немесе смартфон.

 

Курстың артықшылықтары

Тілді меңгеру мүмкіндігі:

– Қазақ тілінде еркін сөйлеу, жазу және түсіну дағдыларын дамыту;

– Тілді меңгеру арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады: мемлекеттік қызмет, бизнес, мәдени шараларға қатысу.

Тілдік орта қалыптастыру:

– Онлайн курстарда тыңдалым, оқылым, жазылым және сөйлеу дағдылары кешенді түрде дамиды.

Мәдениетпен танысу:

– Тек тілді ғана емес, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін де үйренуге мүмкіндік береді. 

Өз-өзіне сенімділік:

– Тілді меңгерген сайын, жаңа ортада өз ойын еркін жеткізе алатын деңгейге жетеді, бұл өзіне деген сенімділікті арттырады.

 

Сертификат алу мүмкіндігі. Ол үшін төмендегі шарттарды орындау қажет.

Курсты толық аяқтау:       
– Барлық сабақтарды толық өту;   
– Әр сабақтың тапсырмаларын орындап, тесттерден өту.

Қорытынды тест немесе емтихан тапсыру: 
– Курсты қорытындылау үшін жалпы білім деңгейін тексеретін емтихан немесе тест тапсыру қажет;  
Белсенділік:
– Сабақтарға тұрақты қатысып, белсенділік танытқан қатысушыларға беріледі.

 

Неге дәл осы курс?

– Сізге арналған интерактивті сабақтар;

– Қызықты бейнематериалдар мен әдеби шығармалар.

 

Курсқа қалай тіркелуге болады?

Онлайн қазақ тілі курсы түрік және орыстілді аудиторияларда А1, А2, В1, В2 деңгейлерінде үйретіледі.

 

Курсқа тіркелу және қатысу үшін деңгейіңізді анықтайтын тесттен өтіңіз 🔽

 

Орыс тіліндегі тест

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeHSwC1Bh7oodrUEqaCIVwPXmIlR4yGaMOZa2JjlKkVrwQG6Q/viewform?usp=dialog  

Түрік тіліндегі тест

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScoCUYTiYCmNHLKhoGF12NZ00La_c_xHs51ZX8LP31pJrjjSQ/viewform?usp=dialog  

 

Түрік және орыстілді аудитория үшін:

– 25 ұпайға дейін жинағандар - А1 тобы

– 50 ұпай аралығында жинағандар - А2 тобы

– 75 ұпай аралығында жинағандар - B1 тобы

– 75 ұпайдан көп жинағандар - В2 тобына қосылуыңызды сұраймыз.

 

Түрік тілді аудитория үшін Whatsapp группалар:

A1:  https://chat.whatsapp.com/LjaLJXMkz8d4G9MuMF3uUy    

A2: https://chat.whatsapp.com/Eo9wP7FYd7YLqnBEPDEw4n

B1 https://chat.whatsapp.com/JlVlOJjHNZhLsZK2gaeX4H

В2  https://chat.whatsapp.com/JOkqN6WOmRxCnWg96G5X81

 

Орыс тілді аудитория үшін Telegram группалар:

А1: https://t.me/+TmqhiKZHeVJiOWEy  

А2: https://t.me/+erC61FUMki00YTAy  

В1: https://t.me/+tbNy0C7bOoNlNDA6 

В2: https://t.me/+A3V_axFsPp40ZmM6  

 

WhatsApp және Telegram группаға қосылғаннан кейін оқытушының нұсқаулық беруін күтуіңізді сұраймыз. Оқытушы сабақ кестесін барлық қатысушылар тесттен өтіп болғаннан кейін жолдайды. Сабақ кестесі бойынша онлайн қазақ тілі курсы 2026 жылдың  наурыз айынан басталады.

21 февраля 2026
Онлайн домбыра үйірмесіне тіркелу ашылды!

«Отандастар қоры» КЕАҚ шетелде тұратын барша отандастарымызды және этникалық қазақтарды онлайн форматтағы тегін домбыра үйірмесіне қатысуға шақырады.

 

Үйірме ерекшеліктері:

  • Zoom платформасы арқылы интерактивті сабақтар;
  • Ұзақтығы 3 айлық қарқынды модуль (Бастауыш және Озық топтар);
  • Кәсіби ұстаздан тікелей тәлім алу;
  • Үйірмені сәтті аяқтаған қатысушыларға арнайы сертификат беріледі.

 

⚠️ Маңызды талап: Әрбір қатысушының жеке домбыра аспабы болуы міндетті.

 

📅 Оқу процесі: Тіркелген қатысушылар деңгейлеріне қарай топтарға бөлініп, сабақтар 2026 жылғы наурыз айынан басталады. Нақты сабақ кестесі қатысушыларға қосымша хабарланады.

 

Орын саны шектеулі. Қатысу үшін төмендегі сілтеме арқылы өтіп, сауалнаманы толтыру қажет: 👉

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSewMRUIaSygSQMrVvL0KDMYAvsllwkkb6DVO51fc3HVf-Q9yg/viewform?usp=publish-editor

 

Толық ақпарат алу үшін: 📞 WhatsApp: +7 700 671 90 33 (Марал) +7 705 664 72 11 (Жандос)

23 января 2026
Қазақстан мен Түркіменстан академиялық байланыстарды нығайтуда: Абай атындағы ҚазҰПУ мен Махтумкули атындағы ТМУ басшылығының кездесуі

Түркіменстан астанасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Махтумкули атындағы Түркімен мемлекеттік университетінің басшылығы арасында кездесу өтті. Шараға Қазақстан Республикасының Түркіменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қатысып, бұл екі елдің күн тәртібіндегі білім беру саласындағы ынтымақтастықтың жоғары басымдылығын айқындап берді.

Абай атындағы ҚазҰПУ делегациясының Ашхабадқа сапары жоғары мемлекеттік деңгейдегі уағдаластықтарды іске асырудың нақты қадамы болды.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:

  • Түркология және ғылыми зерттеулер: Дискуссия барысында түркі тіл білімі, әдебиеті мен ортақ тарих саласында бірлескен экспедициялар мен зерттеулер жүргізу мәселелері ерекше орын алды.
  • Студенттер мен ғалымдар алмасу: Студенттер мен оқытушылар үшін қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мобильділік бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ ғылыми қорлар мен мұрағаттық материалдармен өзара алмасу туралы келісімге қол жеткізілді.
  • Меморандум дайындау: Кездесу барысында ынтымақтастық туралы Меморандум жобасы талқыланды, оған жақын арада қол қойылады деп күтілуде.

Қазақстан Елшісі өз сөзінде білім беру байланыстары екі елдің болашақ ұрпақтары арасында сенімді көпір болатынын атап өтті. Елшілік жоғары оқу орындарының бірлескен ғылыми орталықтар мен мәдени-білім беру бағдарламаларын құруға бағытталған бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.

«Қазақстан Республикасы Елшісінің жеке қатысуы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Махтумкули атындағы Түркімен мемлекеттік университеті арасындағы ынтымақтастықтың тек академиялық өзара іс-қимыл шеңберінен шығып кеткенін айғақтайды. Бұл — мемлекеттеріміз арасындағы стратегиялық серіктестіктің маңызды бөлігі», — деп атап өтті Махтумкули атындағы Түркімен мемлекеттік университеті әкімшілігінің өкілдері.

22 января 2026
Шетелдік азаматтарға арналған «QazETA» цифрлық платформасы

QazETA - государственная цифровая платформа, созданная для обеспечения удобного, прозрачного и безопасного доступа иностранцев к ключевым миграционным и сопутствующим услугам по принципу «одного окна» (единое цифровое окно для иностранцев).

Проект направлен на формирование современного и комфортного взаимодействия иностранцев с государственными органами Казахстана, а также на повышение эффективности и качества предоставляемых услуг.

Платформа QazETA ориентирована на:

- упрощение процедур въезда, пребывания иностранцев в Республике Казахстан;

- создание единой цифровой точки входа, обеспечивающей последовательное взаимодействие иностранца с государственными сервисами - от въезда в страну до повседневных услуг;

- повышение прозрачности процессов, сокращение сроков рассмотрения заявок и улучшение качества обслуживания;

- перевод базовых миграционных процедур в цифровой и мобильный формат;

В настоящее время QazETA функционирует в пилотном режиме, ее внедрение будет осуществляться поэтапно. На данном этапе доступны следующие услуги:

- выдача электронных виз (e-Visa);

- оформление электронного разрешения на въезд (ETA);

- получение статуса электронного резидента Республики Казахстан (e-Residency);

- получение иностранцами справки о пересечении государственной границы Республики Казахстан (в том числе для целей верификации IMEI мобильных устройств).

Основные сервисы платформы:

  1. Электронная виза (e-Visa)

Электронная виза — это цифровая форма государственной услуги по выдаче виз иностранцам и лицам без гражданства.

Граждане 104 стран (список прилагается) могут оформить однократную электронную визу для следующих категорий: "А3" (служебная), "А5" (инвесторская), "В1","В2","В3", (деловые), "В9-1" (Digital Nomad Visa), "В10" (частная), "В12" (турист), "С12"(для лечения).

Электронная виза выдается на основании электронного оформленного приглашения (приглашение оформляется в территориальных органах полиции МВД РК) и действует только для получателя визы и не распространяется на сопровождающих лиц. При замене паспорта электронную визу необходимо получить повторно.

Иностранцы и лица без гражданства могут прибывать на территорию и убывать с территории Республики Казахстан с использованием действительной электронной визы только через пункты пропуска международных аэропортов Республики Казахстан. 

  1. Электронное разрешение на въезд (Electronic Travel Authorization, ETA)

 ETA предназначена для граждан стран, освобожденных от визовых требований Республики Казахстан. Разрешение оформляется в электронном виде.

Иностранцы, планирующие поездку в Казахстан, подают заявку на получение ETA через мобильное приложение не позднее чем за 72 часа до поездки.

Срок действия ETA составляет 180 дней.

Фактический срок пребывания иностранцев в Казахстане регулируется в соответствии с действующим миграционным законодательством.

При этом, выданное разрешение ETA не гарантирует въезд на территорию РК. Окончательное решение о допуске в страну принимается уполномоченным госорганом РК при прохождении пограничного контроля.

От необходимости получения ETA освобождаются:

- владельцы дипломатических и служебных паспортов;

- члены официальных делегаций;

- представители дипломатического корпуса, аккредитованные в РК.

В пилотный период получение ETA для граждан стран, освобождённых от визовых требований Республики Казахстан, носит рекомендательный характер. По его завершении планируется поэтапное введение обязательного получения ETA для указанных категорий граждан.

  1. Электронное резидентство (e-Residency)

e-Residency — инновационный инструмент, предоставляющий иностранцам и лицам без гражданства, находящимся за пределами РК, доступ к цифровым государственным и коммерческим сервисам
в рамках юрисдикции Международного финансового центра «Астана» (МФЦА).

Электронное резидентство реализуется в рамках юрисдикции МФЦА и предусматривает:

- удалённое получение индивидуального идентификационного номера (ИИН);

- открытие банковских счетов и платежных карт;

- оформление eSIM;

- дистанционную регистрацию компаний и ведение бизнеса. 

  1. Получение иностранцами справки о пересечении государственной границы Республики Казахстан (в том числе для целей верификации IMEI мобильных устройств).

В дальнейшем планируется расширение функционала, включая: оформление медицинского страхования, возможность ускоренного прохождения пограничного контроля для владельцев ETA, оплату сервисного сбора, другие цифровые сервисы.

Мобильное приложение QazETA доступно для скачивания
в PlayMarket и Appstore.

В рамках проекта функционирует служба технической поддержки. Обращения и предложения принимаются по электронной почте support@qazeta.kz.

15 декабря 2025
Мемлекет басшысы Халықаралық бейбітшілік және сенім жылы мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысты 2025 жылғы 12 желтоқсан
Қасым-Жомарт Тоқаев түрікмен халқының Ұлт көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов пен Президент Сердар Бердімұхамедовті Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығымен құттықтады. Мемлекет басшысы Түрікменстанның саяси ұстанымы тұтас Еуразия құрлығының тұрақтылығы мен орнықты дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті. Аталған форумда көтерілген бастамалар ХХІ ғасырдағы бейтараптықтың мән-маңызына жаңаша көзқарас қалыптастырады.

Қазақстан Президенті Түрікменстанның бейтарап саяси ұстанымы түрікмен халқының сан ғасырлық мәдени дәстүрімен және рухани құндылықтарымен үйлесетінін айтты.

– Түрікмен классикалық әдебиетінің негізін қалаушы, Шығыстың көрнекті ойшылы Мақтымқұлы Пырағы: «Тыныштық болса ел өседі, әділдік болса сенім күшейеді» деген. Ұлы данышпанның дүниені терең таныған идеялары қазіргідей алмағайып халықаралық жағдайда да өте өзекті бола түскені сөзсіз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы қолдаған Ашхабадтың Халықаралық бейбітшілік және сенім жылын жариялау туралы бастамасы ерекше мәнге ие болғанын жеткізді. Президент еліміз осы маңызды қарарды қуаттағанын айта келіп, бейбітшілік пен келісім Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясының іргетасы саналатынына назар аударды.

– Жекелеген кикілжіңдердің реттелгеніне қарамастан, әлемдегі жалпы ахуал әлі де ушығып тұр. Адамзат өзара сенім, толеранттылық, орнықты даму үшін бейбітшілік пен ынтымақтың маңызын түсіну секілді іргелі факторларға зәру. Сонымен қатар кейбір күмәнді ережелер алға шығып, халықаралық құқықтың әлсірей бастағаны, көпжақты құрылымдардың, ең алдымен, Біріккен Ұлттар Ұйымының беделі мен тиімділігінің төмендегені өкініш тудырады. Стратегиялық теңгерімді қалпына келтірмей, әлемде әділ тәртіп орнату мүмкін емес. Сондықтан халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздік сөз күйінде қалып, көпжақты форумдардың қарарлары мен келіссөздердегі ізгі тілек ретінде ғана көрініс табады. Сол себепті Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына жан-жақты реформа жүргізуді, соның ішінде Қауіпсіздік Кеңесінің құрамын кеңейтіп, Бас Ассамблеяның рөлін нығайтуды қолдайды. Бас Ассамблеяның 80-ші сессиясы аясында мен БҰҰ жүйесін реформалау жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеу үшін пікірлестер тобын құру идеясын көтердім, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің ауқымды диалогты бастауы, ірі державалардың саяси ерік-жігер көрсетуі өте маңызды деп санайды. Мемлекет басшысы еліміз Түрікменстан Президентінің БҰҰ бейбітшілік және бейтараптық университетін ашу жөніндегі бүгінгі ұсынысын қолдайтынын айтты.

– Қазірдің өзінде жаһан жік-жікке бөлінуден, тіпті ядролық соғыстан бас тартып, бейбітшілік, сенім, ынтымақ секілді құндылықтарды басшылыққа алған кезде әлемде әділетті және орнықты тәртіп орнатуға болатыны белгілі болды. Осы орайда еліміз Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөз процесінің жандануына қолдау білдіреді. Ресей мен АҚШ президенттерінің Анкоридждегі кездесуінен кейін бейбітшілік пактісінің негізгі ережелері белсенді талқылана бастады. Бұл көптен күткен бітімге келу мүмкіндігін жақындатты, – деді Президент.

Мемлекет басшысы өзге өңірлердегі қақтығысты реттеуге қатысты пікір білдірді.

–Таяу Шығыстағы жағдай бойынша келісімге қол қойылуын құптаймыз. Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылу жөніндегі шешімі аталған аймақтағы ахуалды тұрақтандыруға үлес қосу ниетінен туындап отыр. Әйтсе де Қазақстан ұзаққа созылған әскери-саяси дағдарысты түбегейлі реттеудің маңызды факторы ретінде егемен Палестина мемлекетін құру ұстанымын жақтайды. Әзербайжан мен Армения бейбітшілік туралы бірлескен декларацияға қол қойды. Біз мұны тарихи шешім деп санаймыз. Өйткені осы арқылы аталған аймақта және одан тысқары жерлерде сан қырлы ынтымақтастыққа кеңінен жол ашылады. Оңтүстік Кавказдағы тұрақтылыққа кепілдік беретін толық форматты бейбіт келісімшарт таяу арада жасалады деп үміттенеміз, – деді ол.

Қазақстан Президенті аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесінде Ауғанстанға көмек көрсетуді жалғастыру қажет деп есептейді.

– Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ өңірлік орталығы осы бағыттағы ынтымақтастықты үйлестіретін маңызды платформаға айналды. Тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуда Азиядағы өзара іс-қимыл сенім шаралары жөніндегі кеңес маңызды рөл атқарады. Бұл форум өзінің саяси тұрғыдан өзектілігін дәлелдеді. Осыған орай АӨСШК қызметіне, соның ішінде форумды толыққанды халықаралық институтқа айналдыруға қолдау көрсеткені үшін серіктестерімізге алғыс айтамыз, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, еліміз дінаралық, этносаралық және және мәдениетаралық диалогты нығайтуға айрықша назар аударады. Бұл орайда Президент Қазақстанда 20 жылдан астам уақыттан бері Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі ұйымдастырылып келе жатқанын еске салды.

– Таяуда Астанада өткен VIIІ Съезде Қазақстан «Бейбітшілік қозғалысы» деп аталатын бастама көтерді. Бұл шын мәнінде қантөгісті тоқтатуға, келешек ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілікті сезіне отырып, бітімге келу жолын іздеуге үндеу еді. Қазақстан ШЫҰ жұмысына белсене атсалысады. Бұл – Еуразиядағы қауіпсіздік пен сенім шараларын қамтитын, көпжоспарлы әрі конструктивті күн тәртібі бар беделді және табысты ұйым. Жаһандағы прогресс пен тұрақтылықтың негізгі кепілі – орнықты әлеуметтік-экономикалық даму. Геосаяси шиеленістің өршуі, халықаралық санкциялардың көбеюі, сауда тізбегінің бұзылуы, технологиялық бәсеке секілді көптеген фактордың салдарынан әлем экономикасы күрделі сын-қатерлерге тап болды. Жаһандық экономиканың қарқыны бәсеңдеді. Қуанышымызға орай, мұның әсері Орталық Азияға тие қойған жоқ. Барлық елде айтарлықтай өсім байқалады. Мысалы, Қазақстанның экономикалық өсімі биыл 6 пайыздан асты. Ішкі жалпы өнім көлемі 300 миллиард доллар межесін еңсереді. Бұл жан басына шаққанда 15 мың доллардан артық, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері көлік-транзит әлеуетін күшейтіп жатқанына тоқталды. Ең алдымен, Шығыс пен Батыс, Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы байланысты нығайтуға баса мән беріледі. Президент Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік бағдарының мүмкіндіктерін дәйекті түрде кеңейтіп, теміржол, порт, автожол инфрақұрылымын жаңғыртып жатқанын, осылайша біртұтас транспорт жүйесін қалыптастыруға кіріскенін жеткізді. Мемлекет басшысы еліміз Орталық Азияның көлік жүйесін дамытудың кешенді стратегиясын әзірлеуге белсенді атсалысып жатқанына назар аударды. Мақсат – орнықты логистика бағыттарын толық іске қосу.

Президент су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше мән беру қажет деп санайды.

– Су тапшылығы үлкен проблемаға айналып келеді. Бұл ресурсты сақтау әрі ұқыпты пайдалану – еліміз бен аймақтағы өзге де мемлекеттер үшін стратегиялық, тіпті өмірлік маңызы бар басымдық. Өзге елдерде де солай деп ойлаймын. Трансшекаралық суды пайдалану проблемасын, Арал және Каспий теңіздерінде қалыптасқан экологиялық ахуалды уақыт оздырмай шешу мақсатында тиісті шаралар қабылдау қажет. Біздің пікірімізше, өзара мәмілеге негізделген бірлескен әрекеттер арқылы Халықаралық Аралды құтқару қорының тиімділігін арттыруға болады. Ресей Қор жұмысына байқаушы ретінде атсалысса, бұл іске септігін тигізер еді. Каспий теңізі қазіргідей тартыла берсе, бұл қауіпті құбылыстың экологиялық, әлеуметтік-экономикалық, тіпті саяси салдары ауыр болуы мүмкін. Қазақстан Каспий экожүйесінің бұзылуы мен теңіздің тартылуының алдын алуға бағытталған арнайы мемлекетаралық бағдарлама әзірлеу туралы бастама көтерді. Барша әлемдік қоғамдастықты осы бірегей су айдынын сақтап қалу жолындағы күш-жігерімізді қолдауға шақырамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президентінің пайымдауынша, жаһандық су дипломатиясын дамытуда мемлекеттер арасындағы ықпалдастықтың маңызы зор.

– БҰҰ жүйесінде тек су мәселесімен айналысатын арнаулы құрылым жоқ. Бұл түйткілді тез арада шешкен жөн. Қазақстан Халықаралық су ұйымын құруды ұсынады. Сол арқылы БҰҰ аясындағы түрлі ұйымдардың барлық мандатын бір мақсатқа жұмылдыруға болады. UN-Water ведомствоаралық тетігін БҰҰ-ның толыққанды арнаулы агенттігіне немесе ұйымына айналдыру оңтайлы шешім болар еді. Мұндай бастаманы іске асыру БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттары мен барша халықаралық қоғамдастықтың мүддесіне сай келеді. Келесі жылы сәуір айында Астанада Аймақтық экологиялық саммит өтеді. Аталған жиында Қазақстан жаһандық су ұйымын құру туралы халықаралық консультация процесін бастауға ниетті. Ортақ саяси ерік-жігердің арқасында күн тәртібіндегі судың өзекті мәселелері жүйелі түрде шешіле бастайтынына сенімім кәміл, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті сөзін қорытындылай келе, Ашхабад форумы мүдделі мемлекеттердің жасампаз серіктестігін нығайтуға және әлемде әділетті тәртіп қалыптастыруды көздейтін халықаралық күш-жігерге тың серпін беретініне сенім білдірді.

Жиында Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Ресей Президенті Владимир Путин, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Иран Президенті Масуд Пезешкиан, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Ирак Президенті Абдул Латиф Рашид, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Сан-Томе және Принсипи Президенті Карлуш Мануэл Вила-Нова, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Әзербайжан Премьер-министрі Али Асадов, Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе, Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф, Мьянма Премьер-министрі Ньо Со, Эсватини Премьер-министрі Рассел Дламини сөз сөйледі.

15 декабря 2025
Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен кездесу өткізді 2025 жылғы 11 желтоқсан Түрікменстан, Ашхабад қаласы

Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедов және бауырлас түрікмен халқын айтулы дата – Түрікменстанның тұрақты бейтараптығына 30 жыл толуымен құттықтады.

Мемлекет басшысы мерейлі сәтке орай ұйымдастырылған халықаралық форумда көтерілетін мәселелердің маңызын атап өтті.

– Ашхабад секілді көркем шаһарға шақырғаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Мұнда келген сайын қонақжай пейілдеріңізді, туыстық әрі достық көңілдеріңізді сезінеміз. Ертеңгі форум өзіне жүктелген міндетті толық атқарып шығатынына және халықаралық қатынастар тарихында айтулы уақиға болатынына сенімдімін. Өйткені бұл жиында бейбітшілік, бейтараптылық және сенім секілді ең өзекті тақырыптар қозғалады. Қазіргі әлемге жетпей тұрғаны да осы құндылықтар, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тараптар екіжақты қарым-қатынасты дамыту перспективасын талқылады. Сердар Бердімұхамедовтің таяуда Астанаға жасаған мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысына айрықша мән берілді.

Өз кезегінде Түрікменстан Президенті Мемлекет басшысымен Ашхабад қаласында жүздескеніне қуанышты екенін жеткізді.

– Осы халықаралық деңгейдегі форумға қатысу арқылы Сіз бейбітшілікті, сенім мен өзара түсіністікті нығайтуға бейіл екеніңізді көрсетіп отырсыз. Халықаралық бейбітшілік және сенім форумына шақыруымды қабыл алғаныңыз үшін Сізге алғыс айтамын. Өзіңізбен түрікмен жерінде кездесу біз үшін зор мәртебе, – деді Сердар Бердімұхамедов.

Мемлекеттер басшылары өзара сауда көлемін арттыру, экономикалық байланыстарды күшейту, энергетика, көлік-логистика және ауыл шаруашылығы салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін қарастырды.

15 декабря 2025
Президент Ашхабад қаласына барды
Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына арналған форумға қатысу үшін Ашхабад қаласына келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды.

Әуежайда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов келіссөз жүргізді.

​– Түрікменстан басшылығының осы маңызды іс-шараға шақыруын ерекше ықыласпен қабыл алдым. Ертең талқыға түсетін мәселелер қазіргідей алмағайып, бұлыңғыр жағдайда әрі Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығы аясында өте өзекті деп ойлаймын. Аталған форум табысты өтетініне сенімдімін. Бұл басқосу Түрікменстанның жаһандық ауқымдағы ахуалды тұрақтандыруға, сондай-ақ Орталық Азиядағы достық пен ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынасты нығайтуға қосқан тағы бір елеулі үлесі болмақ, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің жақында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарына оң баға беріп, жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңызды екенін атап өтті.

Гурбангулы Бердімұхамедов Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына орайластырылған форумға қатысуға келгені үшін Қазақстан Президентіне ризашылығын білдіріп, екіжақты күн тәртібінің негізгі мәселелеріне тоқталды.

– Өзара қарым-қатынас туралы сөз қозғағанда, Түрікменстан Президентінің жақында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарын айтпай кетуге болмайды. Сапар жоғары деңгейде өтті. Экономика және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Екі ел ықпалдастығын дамытуға елеулі үлес қосқаныңыз үшін Сізге алғыс айтамын. Сондай-ақ барша бауырлас қазақ халқына ізгі тілегімді жолдаймын, – деді Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы.

25 ноября 2025
Қазақстан мен Түрікменстан президенттері келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Сердар Бердімұхамедовке ықылас танытып, ризашылық білдірді.

Жоғары деңгейдегі келіссөздерге дейін Ақордада Түрікменстан Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Екі елдің әнұрандары шырқалған соң президенттер келіссөз өтетін залға барды.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз Түрікменстанды стратегиялық серіктес және бауырлас мемлекет санайтынын жеткізді.

– Бізді ғасырлардан жалғасып келе жатқан достық, ортақ тарих, тіл мен мәдениет біріктіреді. Мемлекеттеріміз арасындағы сауда-саттық, экономикалық ықпалдастықтың басқа да түрлері және мәдени-гуманитарлық байланыстар қарқынды дамып келеді. Екі ел серіктестігінің ауқымы мен сапасына көңіліміз толады деп айтуға негіз бар. Бұл ынтымақтастық стратегиялық сипатқа ие. Дегенмен алға қадам басу қажет. Күн тәртібінде өте маңызды мәселелер тұр. Бүгін олардың шешімін бірлесіп табамыз деп ойлаймын, – деді Қазақстан Президенті.

Сердар Бердімұхамедов Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны және қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

– Сізге түрікмен халқының Ұлт көшбасшысы, құрметті Гурбангулы Мяликгулыевич Бердімұхамедовтің сәлемі мен ізгі тілегін жеткізуге рұқсат етіңіз. Бүгінде Түрікменстан мен Қазақстанның қарым-қатынасы достық, бауырластық және тату көршілік қағидаттары негізінде дамып келеді. Өзара ықпалдастығымыз саяси-дипломатиялық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларды қамтиды, – деді Түрікменстан Президенті.

Бұдан кейін келіссөздер екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және көлік-логистикалық ықпалдастық мәселелері қарастырылды. Энергетика, өнеркәсіп кооперациясы, ауыл шаруашылығы, IT, білім беру және медицина салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға баса назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев шақыруын қабыл алып, Астанаға мемлекеттік сапармен келгені үшін Сердар Бердімұхамедовке алғыс айтты.

– Қазақ пен түрікмен – ежелден достығы жарасқан туыс халықтар. Біздің тарихымыз және мақсат-мұратымыз – ортақ, мәдени-рухани құндылықтарымыз – бір. Біз Түрікменстанмен ынтымақтастықты тату көршілік және өзара қолдау рухында барынша нығайтуға айрықша мән береміз. Жарқын болашаққа бірге қадам басу үшін күш жұмылдырамыз. Бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін стратегиялық серіктестікті нығайта түсеміз. Мен бұған кәміл сенемін, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті екі ел арасында барлық деңгейде белсенді әрі табысты байланыс орнағанын атап өтті. Үкіметтеріміз жүйелі жұмыс жүргізіп, ведомствоаралық байланыс нығайып келеді. Елдеріміз көпжақты құрылымдар аясында нәтижелі қарым-қатынас жасайды.

Мемлекет басшысының айтуынша, Астана мен Ашхабадтың өңірлік, халықаралық күн тәртібіндегі көптеген мәселе бойынша көзқарастары мен ұстанымдары ұқсас.

Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөздер барысында сауда-экономикалық ықпалдастыққа айрықша назар аударды. Соңғы 5 жылда өзара сауда көлемі 4 еседен асып, жарты миллиард долларға дейін ұлғайды.

Қазақстанда түрікмен капиталы бар 140-қа жуық компания табысты жұмыс істейді. Осы арқылы аталған кәсіпорындар экономикалық байланысты нығайтуға зор үлес қосып келеді. Қазақстанның Түрікменстанға құйған инвестициясы 120 миллион доллардан асты.

Мемлекет басшысы мәдени-гуманитарлық байланыстың даму қарқынына тоқталды. Президент екі елдің мәдениет күндерін алма-кезек өткізу, көрнекті қайраткерлердің ескерткіштерін ашу шаралары қос халықтың мәдени-рухани мұрасына айтарлықтай үлес қосады деп санайды.

Сердар Бердімұхамедов Қазақстан мен Түрікменстанды Орталық Азиядағы стратегиялық серіктес мемлекеттер деп атады.

– Мемлекеттерімізді ұрпақтан ұрпаққа аманат болып, көзіміздің қарашығындай сақтап келе жатқан ортақ тарихи тамырластық, мәдени-рухани ұқсастық, салт-дәстүріміздің жақындығы секілді құндылықтар біріктіреді. Саяси-дипломатиялық салада Түрікменстан мен Қазақстан жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша сындарлы ықпалдастық орнатқан. Атап айтқанда, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, энергетикалық тұрақтылықты нығайту, көлік байланысын ілгерілету, орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу және климат өзгерісіне қарсы күрес мәселелері бойынша ұстанымдарымыз ортақ, – деді Түрікменстан Президенті.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентінің елімізге сапары екіжақты ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашып, достық пен стратегиялық серіктестікті нығайтуға тың серпін беретініне тоқталды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов Бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

Мемлекеттер басшыларының қатысуымен ресми делегация мүшелері мынадай үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарды алмасты:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасында мәдени-гуманитарлық сала бойынша ынтымақтастық туралы келісім;

2. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасында көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Түрікменстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арасында зейнетақымен қамтамасыз ету саласы бойынша ақпараттық ықпалдастық туралы келісім;

4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Түрікменстанның Әділет министрлігі арасында құқықтық саладағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;

5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Түрікменстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі арасында ветеринария саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы мен Түрікменстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі Астық дақылдары ғылыми-зерттеу институты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

7. Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасында көлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жөніндегі 2026-2027 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары;

8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Түрікменстанның Денсаулық сақтау және медициналық өнеркәсіп министрлігі арасындағы ынтымақтастықты дамытудың 2026-2027 жылдарға арналған негізгі іс-шаралар жоспары;

9. Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы әкімдігі мен Түрікменстанның Балқан уәлаяты әкімшілігі арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

10. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен Түрікменстанның Ғылым академиясы арасында ғылым саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;

11. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» ШЖҚ РМК мен Түрікменстанның Телевизия, радио хабар тарату және кинематография жөніндегі мемлекеттік комитеті арасында ақпараттық сала бойынша ынтымақтастық туралы келісім.

22 ноября 2025
Түрікменстан Президенті Астанаға ресми сапармен келеді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 24–25 қарашада Түрікменстан Президенті Сердар Бердымұхамедов Астанаға мемлекеттік сапармен келетін болады.

Сапар барысында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі, онда Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту перспективалары қарастырылады.

22 ноября 2025
Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшілігі мен Маңғыстау облысы әкімшілігінің Түрікменстанның Балкан уәлаятындағы мәдени ынтымақтастық іс-шаралары

2025 жылдың 19–20 қарашасы аралығында Түрікменстанның Балкан уәлаятында Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысының әкімдігі мен Түрікменстанның Балкан уәлаяты әкімдігі арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі 2025 жылға арналған Жоспар аясында бірқатар мәдени іс-шаралар табысты өтті. Жоспарға сәйкес Маңғыстау облысының мәдениет мекемелерінің өкілдері Балканабад және Түркменбашы қалаларына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында қазақстандық делегация түрікмен әріптестерімен мәдени байланыстарды нығайту мақсатында кездесулер өткізді. Тараптар бірлескен концерттік бағдарламалар, шығармашылық ұжымдардың гастрольдері, көрме жобалары және басқа да мәдени бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. Іс-шаралар екі өңірдің шығармашылық ұйымдары арасында тәжірибе алмасуға және жаңа мәдени жобаларды іске асыруға мүмкіндік берді.

Іс-шараларды дайындау мен өткізуге Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшісі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев тікелей қатысып, келіссөздердің нәтижелі өтуін қамтамасыз етті және екіжақты мәдени ынтымақтастықты нығайтты.

Өткізілген іс-шаралар Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы дәстүрлі достық пен тату көршілік қарым-қатынасты нығайтып, өңіраралық мәдени әріптестікті дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Тұрақты даму мақсаттары